«Мүмкін нанды да сырттан әкелерміз!» — деп Елбасы наразылығын білдірді

Қазақстан өзін азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге бет бұруы керек екенін еске салған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен әр кез азық-түлік белбеуі жайында айтамын. Нағыз тәуелсіз ел деп өзін барлық қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ететін мемлекетті ғана атайды. Біз енді ауыл шаруашылық елміз ғой. Көп өнімдерді сырттан жеткіземіз. Ет, шұжықты, жеміс пен көкөністерді де сырттан әкелеміз. Біз өзімізде бар барлық өнімді сырттан әкелеміз. Мен білмеймін, мүмкін нанды да сырт елдерден әкелетін шығармыз?»— деп наразылық білдірген Елбасы әрі қарай: «Алдағы уақытта азық-түлік және тамақ өнімдерімен елімізді толық қамтамасыз етуді қолға алу керек. Міне, сендерге (Өмірзақ Шөкеев пен Ерболат Досаевқа) берілетін үй тапсырмасы. Білемін, әзірге пайыздар бойынша біршама қиындау екенін түсінемін. Бірақ біздің барлық дамуымызды, жаңағы ет, сүт, құс өндіру — барлығы алдымен өзімізді, ішімізді тамақтандыруды ойлауымыз керек. Егер де бірдеңе болып қалатын болса, сырттан келетін тамақты ешкім әкелмесе, онда не істейміз? Барлығы бар бізде. Жай ғана бұл іспен ұйымдасқан түрде айналысу керек»,— деп сөзін түйіндеді.

Дайындаған — Ермек сахариев

(15)