Ережеп айындағы Ораза хақында

1. Ережепте ораза ұстаған адамның Алла өткен күнәларын кешіреді.

2. Ережептің басында, ортасында, аяғында аузын бекіткен жан, бір ай ораза ұстағандай сауап алады.

3. Ережеп айында біреудің мұқтажын өтеген жанға, Алла тағала Фирдаус жәннатынан сарай тұрғызады.

4. Бұл айда өзгеге сый-құрмет көрсеткен, Алланың сый-құрметіне ие болады.

5. Осы айда бір күн ораза ұстаған жан жәннаттағы балдан тәтті, сүттен ақ Ережеп атты өзеннен сусындайды.

6.Ережепте құлшылық еткен жан, қабір азабынан құтылады.

7. Ережептің алғашқы түнінде дұғалар сөзсіз қабыл болады.

8. Бұл айда істелген сауап пен күнә 70 есе өседі.

9. Кімде-кім Ережеп айында сауабын Алла Тағаладан үміт етіп, ықыласты түрде бір күн ораза тұтатын болса, Алланың разылығын иеленеді.

10. Екі күн ораза тұтқан адамның сауабы екі есе болады, әрқайсысы бір таудай болады.

11. Үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен ақырет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады.

12. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозаққа түспес үшін жеті тозақ қақпалары жабылар.

13. Сегіз күн ораза тұтқан адамға жұмақтың қақпалары ашылады.

14. Он күн ораза тұтқан адамға, Алла Тағаладан не сұраған болса, сұрағаны беріледі.

15. Он бес күн ораза тұтқан адамның алдыңғы күнәларын кешіреді де жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Ал егер оразасын келесі күндері жалғастыратын болса, сауабын одан әрі арттыра түседі.

Ережеп айы кіргенде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Аллам! Ережеп пен Шағбанның берекесін беріп, Рамазан айына қауыштыра гөр!», — деп дұға жасайтын.

(4)