mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ұлдары бір футбол командасы отбасы

ridus.ru сайты: «Бразилиялық фермер Иренеу Круз бен оның әйелі Джуксилейда Сильва 13 ұлдың ата-анасы атанып отыр.

Ерлі-зайыптылар қыз бала дүниеге келгенге дейін тоқтамайтындарын мәлімдеді»,— деп хабарлайды. Круз әйеліне ұлдарға есімді өзі беретінін, ал қыз дүниеге келсе, есімін сол қоятынын алға тартқан болатын. Нәтижесінде 20 жыл ішінде Сильва бірде-бір баласына өзі есім бере алмай келеді.

Бразилияда тұратын ерлі-зайыптының бүгінде 13 ұлы бар. Үлкені 18-ге толса, кішісі бір жастан асқан. Әкесі футбол жанкүйері болғасын, ұлдарына футболшылардың есімін берген: Робсон, Рейнан, Рауан, Рубенс, Ривалдо, Руан, Рамон, Ринкон, Рикельме, Рамирес, Райлсон, Рафаэль және Роналду. Сильва 13 баласы да ұл бала болып шыққанына еш өкінбейді. Қызды болғанға дейін тоқтамайтынын айтқан бақытты ана: «Менің барлық ұлдарым өте ақылды. Олардың қасында өзімді бақытты сезінемін»,— дейді ағынан жарылып.

(11)