mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қарағанды облысында бруцеллез індеті дендеген

newtimes.kz сайты: «Қарағанды облысында бруцеллез індеті дендеп тұр. Жаңаарқа ауданының өзінде ғана ауруға шалыққан сиыр саны 250-ге жеткен. Ауыл тұрғындары малды бауыздаудың орнына вакцинация жасауды талап етуде»,— деп хабарлайды.  Ауыл тұрғындары: «Ветеринарлар келіп, құжаттарын бұлғаңдатады. Былтырғы сараптама бойынша бруцеллез анықталғанын айтады. Бұл қаншалықты дұрыс екенінен бейхабармыз. Ал, көзі жойылуға тиіс малға берілетін өтемақы өте аз. Біз тіпті ауруға шалдыққан малмен қатар сау сиырдар да өлтіріліп жатыр ма деп күдіктенеміз. Кейбір отбасылардан 3 басқа дейін ірі қараны алып кетті. Ал бөлінген өтемақыға бір сиыр да сатып ала алмаймыз»,— деп зар еңірейді. Статистика мәліметіне сәйкес, былтыр бруцеллез салдарынан 187 бас сиыр бауыздалып, олардың еті жақын жердегі ет комбинатына өткізілген.

Оны дұрыс өңдеген жағдайда тағам ретінде қолдана беруге болады. Соңғы бірнеше жылда бұл вирус ірі қара малдарды қырып жатыр. Бірақ соңғы үш жылда ауруға шалдыққан мал саны тым көп. Жергілікті шенеуніктер санитарлық жұмыстар мен сынамалар барлық ережеге сай жүргізілетінін айтады. Өтемақы да ұсынылатын бағамен төленеді.

Ауыл әкімі Түгіскен Өмірғали: «Ветеринарлық ереже бойынша, бруцеллез емделмейді, сондықтан сиырларды бауыздауға тура келеді. Заң бойынша малдың ауырғанын жасырғандар жазаланады. Егер оларды жасырып қалса, ол ауруын табынға жұқтырады»,— дейді.

(16)