mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тауарлардың қымбаттауына не себеп?

Бұл сауалға кәнігі сарапшылар: «Ресейлік олигархтардың компанияларының акциясы құлдырап, рубль бағамы бір күннің ішінде 4,3 пайызға дейін құнын жоғалтты. Бұл жағдай еліміздегі тауарлар бағасының күрт қымбаттауына әсер етері кәміл»,— деп жауап берсе, білікті экономист Әкімжан Арупов: «Ресейдің қаржы секторы соңғы төрт жылда мұндай ауыр соққыны бастан өткеріп көрмеген.

Ақ үйдің Ресейге салған санкциясының кері әсері елімізде бүгіннің өзінде сезіле бастады. Рубльдің ізімен теңге бағамы да сан құбылып, ақыры 14 теңгеге құнсызданды. Ең сорақысы, алдағы күндері Ресейден келетін тауарлардың құны шарықтауы мүмкін.

Шындығын айтқанда мұның салдарын кеңінен болжау өте қиын. Біз Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде өте тығыз қарым-қатынас орнатқан әріптестің біріміз. Сондықтан, рубль құнсызданса, теңгенің де әлсіреуін байқай аламыз. Әрине, Ұлттық банктің жеткілікті қоры бар. Бірақ, еркін айналымдағы нарық заңдылығынан қашып құтыла алмайсың. Сондай-ақ, біз көп тауарды Ресейден импорттаймыз. Рубль құнсызданса, сол тауарлардың бағасы шарықтап шыға келуі ғажап емес»,— деген болжамын алға тартады. Қалай болғанда да, алдағы уақытта жағдайымыз мүшкіл болатын түрі бар.

 

(13)