mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Заңсыз қаруды өзі тапсырғандар жазаға тартылмайды

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов: «Жыл сайын елімізде «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі. Соңғы бес жылда өткізілген осындай акциялардың нәтижесінде халық ақшалай сыйақыға ерікті түрде 47 мыңнан астам атыс қаруын, 250 жарылғыш құрылғы мен 1,7 млн данадан астам ойық қару патронын тапсырды.

Ерікті түрде қару-жарақ заттарын тапсырғаны үшін осы жылдары 38 мың азаматқа 1 млрд 418 млн теңге төленді. Осындай акциялардың арқасында атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстар саны 44,8 пайыз азайды.

Биылғы акция сәуірдің 10-нан басталады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 125,4 млн теңге бөлінген. Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген заңсыз сақталған қару-жарақты азаматтардың ерікті түрде өтемелі тапсыру қағидаларына сай,  қаруды ерікті түрде тапсырғандарға қарудың әр бірлігіне, оның техникалық жағдайына және қару түріне қарай сомасы оннан жүз айлық есептік көрсеткішке дейін төлем көзделген. Заңсыз сақталған атыс қару-жарақтарды ерікті түрде тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Осы сәтті пайдала отырып, сақтауда заңсыз қару-жарақтары бар азаматтарға оларды ақылы негізде ішкі істер органдарына ерікті түрде тапсыруға шақырамын»,— дейді.

(18)