mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ел үш айда 2 трлн теңге салық төлеген

LS басылымы: «Қазақстандықтар 2018 жылдың қаңтар-наурыз айында 1,8 трлн теңге салықтық төлемдер мен салымдар жасады. Өткен жылдың үш айындағы бұл көрсеткішпен салыстырғанда салым көлемі 9,5 пайыз жоғары.

Ел бойынша Алматы қаласы (456, млрд теңге) мен Атырау облысының (265,6 млрд теңге) салық көлемі біршама көп болды. Сонымен қатар, Астанада 227,2 млрд теңге, Қарағанды облысында 120,9 млрд теңге, ал Алматы облысында 82,8 млрд теңге салық түсті. Маңғыстау облысында 97,7 млрд теңге, БҚО-да 65,1 млрд теңге, Ақтөбе облысында 97,4 млрд теңге, ОҚО-да 76,7 млрд теңге, ШҚО-да 65,2 млрд теңге, ал Павлодар облысында 71,6 млрд теңге жиналды.

Қостанай облысында 41,2 млрд теңге, Ақмола облысында 39,5 млрд теңге, сонымен қатар Қызылорда облысында 33,3 млрд теңге, Жамбыл облысында 22,5 млрд теңге, СҚО-да 20,5 млрд теңге салықтық түсім түсті»,— деген деректерді жария етті.

(11)