mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елбасы М. Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның қазіргі қызметі жөнінде мәлімет беріліп, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінің қорытындысы туралы баяндалды. Елбасы мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде партияның жастар қанаты маңызды миссия атқаратынын айта келіп: «Жуықта «Жас Отан» жастар қанатының съезі табысты өтті.

Менің тапсырмама сәйкес, жастар арасында саяси жұмыс жүргізілуге тиіс. «Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының барлығын біріктіру, – деді. Кездесу барысында съездің қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелерге тоқталған Мәулен Әшімбаев:

« ІV съезге барлық облыс пен өңірден 1500-ден астам делегат қатысты. Форумның бірінші күні партияның конференциясы және арнайы бес панельді сессия өтті. Партия стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісіне атсалысуда. Партияның кадрлық резервін қалыптастыру барысы да жіті назарда»,— деп мәлімдеді. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның түрлі бағыттағы жұмысын жандандыру үшін оған бірқатар нақты тапсырма берді.

(5)