mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Былтыр табиғи апат 314 млрд доллар шығын келтірген

kapital.kz сайты: «Лувен католиктер университетінің зерттеушілері оқыған баяндамада 2017 жылы болған табиғи апаттардың көптеген мемлекет экономикасына кері әсерін тигізгені туралы айтылды»,— деген ақпарат жариялады.

Сайттың айтуынша, су тасқыны, дауыл және өзге де табиғи апаттар 9 503 адамның өмірін жалмаған. CRED мәліметі бойынша, бұл жылдық орташа есеппен 68 мың адамға аз. 2010 жылы Гаитиде болған жер сілкінісі салдарынан 225,5 мың адам қаза тапқан. Ал 2008 жылы Мьянмада болған «Наргис» ауа құйыны 138,4 мың адамның өмірін жалмады. 2017 жылы табиғи апаттар бәрінен де Азия құрлығында көп болды. Бұл көрсеткіш әлемдегі табиғи апаттардың 43 пайызын құрайды.

Қытайда олардың 25-інен 15 млн адам қаза тапты. Үндістанда 15 табиғи апат салдарынан 2,3 мың адам қаза тауып, 22,5 млн адам зардап шекті. 2017 жылы ірі табиғи апаттар болды десек те, 1900 жылы бұдан да көп адам қайтыс болған. 318 апат салдарынан жалпы 96 млн адам зардап шеккен.

Зерттеушілер адамзатты үлкен шығынға батырған үш дауылды атады – «Харви», «Ирма» және «Мария». 2017 жылдың тамыз және қыркүйек айларында олар Кариб бассейні арқылы АҚШ жағалауына дейін жеткен болатын. Бұл дауылдар 96 млрд, 66 млрд және 69 млрд көлемінде шығын келтірді. Жалпы 2017 жылы болған табиғи апаттар адамзатты 314 млрд доллар көлемінде шығынға батырды.

 

(13)