«Жерұйық» — ұрпақ тәрбиесінің ұлы далалық тәсілі

Адам баласы  ұрпақ тәрбиесінің тәсілін ғасырлар бойына іздеп және оны таппай келеді. Таба да алмайды. Оның дәлелі — оқу бағдарламасындағы сан-сапалақ  бірінен-бірі озған  жаңалықтар. Неге мектеп бағдарламасы тез өзгереді деген  сұраққа  жауап — тез өзгерген заман көшінен қалмау.

Бұл жердегі қатеміз заман өзгерді деуімізде

Өзгерген заман емес, қарыштап дамып бара жатқан технологиялық бум. Бұрын жерді күрекпен қазсақ, енді оны техникаға жүктедік. Енді оған місе тұтпай техника жерді адам көмегінсіз қаза бастады. Осылай кете берсек, адам істейтін жұмыс қалмайды. Сонда адамзат «жұмысы жоқтықтың, тамағы тоқтықтың» жазылмас кеселіне шалдықпай ма? Бірінші соны ойлап, соған жауап табуымыз керек емес пе?
Бірақ жауап іздемеуіміз дұрыс та болар, себебі бабалар оның жауабын тасқа басып жазып кетті. Бізге соны табуымыз ғана қалды.
«Алдыңғы дөңгелек қалай айналса, соңғысы солай айналмақ» деген ұғым бар. Оның тереңіне үңіліп көрдік пе? Үңілсек не таптық?
Екінші сұрақ: «Баланы беске дейін патшаша күт» деуі мен «Жаратқан Ием, ұрпағымды иірілгеннің иірімінен, жиырылғанның жиырымынан сақта» деуінің арасында қандай байланыс бар?
Біз өркениет деп, балаларымыздың туған күнін өткізіп шабылып, шаншылудамыз. Ұлы далалықтар қалай істеген, соған үңілсек. Олар баланы иірілгеннің иірімінен, жиырылғанның жиырымынан сақтау үшіноны патшаша күтуді бастаған.Сөйтсе сәби тілі шықпай-ақ өзін қорғап, мінез көрсете бастайды екен ғой. Сондықтан ананың міндеті оның сол мінезіне сай жауап тауып, оны иірілуі мен жиырылуынан сақтауы керек екен ғой. Соған байланысты сәби иірілсе, анасы «жылы-жылы сөйлеу» арқылы оны жиырылуға жібермей жыланды інінен шығару әдісіне салмақ. Осыған байланысты «жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады» деген бір рет қана айтылатын таспа пайда болды. Ал біз оны кез келген жерде пайдаланып, тіліміздің мәнін кетіріп жүрміз.
Сіздерде ата-баба мұны қайдан алған деген заңды сұрақ тууы заңды. Біздің оған айтарымыз — Табиғат анадан. Жылан иіріледі, кірпі жиырылады. Ананың міндеті осы екеуін баланың жүйке жүйесіне жолатпау арқылы оны осы кесапаттан, «суицид» деген адамның қорғансыздығы кесапатынан алты жасқа дейін қорғау. Бұл — беске дейін патшаша күтудің жауабы. Себебі иірілу мен жиырылудың кеселінен алтыға дейін қорғалса, одан аман өтсе, алтыдан кейін оның жігерінің қайралуы жеңілдейді. Соған байланысты баланың ойыны да, еңбекке жалғасқан оның өміріде қайрауға, қайралуға негізделген ұлы далада.

Өзгерген заман үрдісіне

Бабалардың «бала жеңіне қарап өседі» қағидасына сайжетілген технологияны пайдалана отырып жасаған бағытымыз төмендегіше. Бала үш пен төрт арасында Табиғат анасының тілін меңгеріп, оның тілінде сөйлеп, кәнігі әңгімешіге айналады. Шиемен танысып, оның айтқаны бойынша әңгіме құрайды. «Мен базарға бардым. Онда Шиені көрдім. Ол маған: «Шиемін мен, Шиемін, шымқай қызыл. Ұялсаң, сен де боларсың мендей қызыл», — деді. Мен: «ұят деген не?» — деп сұрадым. Ол: «тентек болсаң жақсы ма, жаман ба?» — деп сұрады. Мен: «жаман», — дедім. Ол: «өтірік айтсаң жақсы ма, жаман ба?» — деп сұрады. Мен: «жаман», — дедім. Ол: «не жаманның бәрі ұят», — деді. Мен: «Шие, саған рақмет!» — дедім. Ұят сөзін сөздік қорына енгізеді және күнделікті пайдаланып жаттығады. Бұл үш жастағы жұмысы болса, ол жеті жаста «ұят кетсе адамнан қазына да жоқ, қарт та жоқ, қақпақсыз қазан бұл өмір. Ұяттан ешкім өртенбес, жер жарығы ізделмес» ұғымымен кеңейтіледі. Ал он жаста ол адамзаттық деңгейге көтеріледі де: «табиғат топаннан қорғады, топанды соғып жағаға. Адамзат қорған топаннан, ұяттан соғып қорғанды» түсінігімен биіктейді.
Баланы тез жетілдіреміз деп ұғымды үсті-үстіне тықпалап біздер асыққанмен ұлы дала асықпаған, ақырын жүріп, анық басқан және оның нәтижесіне он үшіне дейін ой баптап, сөз саптай алған Қазыбек, Бала, Байдалы билер куә. Мұнымен ұлы дала жүзді жаттаған емес, онды біліп, теріп, түйіп баптаған озатынын дәлелдеп тұр. Әрине ол баланың қолыныңкүші, ойының әлі жететіндей болып берілген шеберлігіне байланысты. Осы тектес, одан да басқа ретті, жүйелі жұмыстардың арқасында баланы он үште отау иесі қыла алса, алдыңғы дөңгелектің айналғаны. Ендеше соңғыларына жол ашық.
Он үште «Отау иесі» бола алғандар сөзіне ісі сай болса он жетісінде жігіт атанып, жиырма бесінде топ басқарар «жігіт ағасы» болған. Отызы «орда бұзар» болса, «қырық қамал» алар жас саналған. Елуінде ел алдындағы беделіне қарап «ел ағасы» аталса, «алды ашылар» алпысы. Алпыс үшінде «Пайғамбар жасқа» жалғасқан. Жетпістен асқанда «қазыналы жасқа» айналған тек өз отауы емес, еліне де. Ұлы далалықтар жас шамасын осылай ардақтап, тек сақал, боқ сақал аталудан қатты қорқып, ақсақалдыққа ұмтылып, қазыналы қартқа айналған.

Осынша бай, асыл қазынамызды қалай сақтап қаламыз?

Жастарымызды дүниенің алдамшы шырмауығына шырмалуынан қалай сақтап қаламыз деген ой бізге ұлы даланың тапқырлығын сыйлады. Ол ұлдың биік өсіруі үшін қызға қырық үйден тыйым берді. Сол тыйымның бірі — қыз баланың ашылып шашылмай, жабық жинақы жүруі.Ұлдарды сыйлау, оларды өздерінен жоғары қою этикетін алыстан ұл келсе алпыстағының келіп сәлем беруі мен ұл келе жатса кейуананың оған иіліп жол беруі сияқты көріністерді жадына сақтап, сондай болып, көргенінен көз алып өсе білмеу тыйымы. Ананың айтқанын тыңдап, оны қатесіз орындау, үйренуге талапсыздық тыйымы және басқалар.
Ұлдарға берілген отыз тыйымның бірі де бірегейі — патшаша күтілген бесінде қолына қамшы алып, атқа қонуына құлықсыздығы . Бірінші сабағы — әкенің қас пен қабағына қарауы екенін ұғуы. Әр ісінде әке үлгісі бар екенін біліп өсіп, анасының «әкең келе жатыр» дегенін ұлдың тез бойын жинау, ойын жинау қасиетін қалыптастыру бұйрығындай сезініп өсу өнегесі. Ұлы дала қызға тыйым берсе, ұлға өнеге беріп, оның әр ісі әділ бағаланған, қылдай қиянатсыз. Теріс ісі ісіне сай бағаланған не жазаланған, ешбірі
тасада қалмаған, бір өтіріксіз. Әкесінің әрекеті арқылы өтірік алдымен Алланың, сосын өзінің жауы екенін ұққан, жанына тоқып түйген. Содан «балалы үйдің ұрлығы жатпайды» ұғымы қалыптасып, ол үлкендерді де тәрбиелеген. Осы асылымыз замана ырқына сай өзгеріске айнала бастады. Өзгеріс ерге сын болып, олар ұсақтай бастады. Өзгеріс әйелдерімізді жартылай жалаңаштап, шашын жайдыра бастады. Өрге шындық емес, өтірік сүйрей бастады. Қалай қалпымызға келеміз деген сұрақ туды. Сол сұраққа жауап ретінде ұлы дала өз «Жерұйығын» ұсынды.
Ұлы дала баланы ананың махаббаты жайқалтатынын, ал терістіктен әкенің қаһары тайсалтатынын терең білген ғой. Бабалардың осы базынасына тоқталып «Жерұйықты» адамзаттың бастауы аналарға арнадық. Ұлы даланың он үште отау иесі жобасын жетілген технология арқылы ақылмен емес, сол даланың ойнап ойлау, ойлап ойнау технологиясына орналастырдық. 17 мен 25 жас арсындағы қыз-келіншектерге арналған сана шипажайы оларды он екі күн бойы дүниенің бар машақатынан аластап, ұрпақ санасын ұйытатын бар жақсыменен қамтыған, жаманынан жирендіретін тылсымға толы.

Қыз-келіншектерге арналған сана шипажайының сыртқы көрінісі

Кең, гүлмен көмкерілген жолмен екі қабатты әсем ғимараттың екінші қабаты төрт кісіге арналған түндікті бөлмелерге «Ешкім ешкімнен кем емес, Ешкім ешкімнен артық емес» түсінікті оқып, күмбірлеген күйдің ырғағына бөленіп кіреді. Кенет күй саябырлап барып тыйылып, бөлмедегі компьютерден келгендерге құттықтау айтқан шипажай басшысының мекеме туралы қысқа-нұсқа таныстырылымынан кейін, шипажайдың картасы мен жұмыс кестесі шығады. Шипажайдың бірінші шарты: асханаға жабық киіммен, орамалмен бару. Ол үшін қонақтар сән бөлмесіне барып, жабық киімнің, орамал тартудың сан тәсіліне куә болады. Екінші шарты: естігенін, көргенін есте сақтау, есте сақтағанын өмір тәжірибесінде пайдала-нуға машықтану. Мысалы, бөлмедегі компьютерде асханаға барарда мынадай сұрақ шығады. Өзін мазақтағандарға құмырсқа былай деген жұмбақ жауап қатады: «Бөксемнің дырдай болуы — …, Басымның дырдай болуы — …, Белімнің қылдай болуы — … … /құтым қанағатым ақылым болар/» Немесе компьютерде кетіп ба-ра жатқан қарынды адамға, «Мынау кімді алып барады?», ал қарынсыз шымыр денеліге, «Мынаны кім алып барады?» деген сұрақ қойылады. Жауапты шешкендер айтып, асханадағылар бір күліп, екі ойланып тамаққа кіріседі.
Шипажайдың жұмысы уақытын, орнын өзгертуге болмайтын қағида бойынша өз жұмысын төмендегі кесте бойынша жүргізеді. Бірінші күн «Ақ ОТАУ» отбасына саяхат сабақтарынан басталып, «Алақай» топтамасы 3-6 жасарлармен жұмыс, «Үлкен ойын» топтамасы, «Сандар сөйлейді, ойлайды, болжайды», «Ұлы дала Елі», «Ата тәлім мектебі»,«Шешендік мектебі», «Иман мектебі», «Адам боламын жетіліп», «Кемеңгерлік бастау», «Тіршілік әліппесі», «Ой сергіту» болып 7-13 жасарлармен жұмыс он бір күнді толық қамтып, соңын «Ана — отбасының ұйытқысымен» аяқтайды.
Ағарту жұмыстары демалушыларды шаршатпай, ойлай білуден қажытпай, қызығушылығын арттыру ойындары арқылы өтуіне басымдық береді. Жуынатын жерге барса, бала болып: «таңертең тұрып сәлем етіп, тазалап тісімізді жуынамыз, Аспанға, Жерге, Көкке қарап дүниенің кеңдігіне қуанамыз. Ұлы даланың киесі де иесі біз, біз мұсылман баламыз», — дейді. Үш жастағы «ұят» ұғымының жетіде қалай кеңігенін, онында қалай биіктегеніне куә болып, қуанады. Бұлақ айтқан «тазамын, мөлдірмін, кәусармын» ұғымының ұл-қызын бала нәпсіден тазалаудың таптырмас үлгісі екенін білгенде, бойына ерекше күш құйылғанын сезінеді. Демалушылар бөлмесінде отырып-ақ табиғат ортасына жетелеген, онымен тілдестірген, ойластырған ойындардың қызығына қалай кіргенін байқамай қалады. Табиғаттың бәрі сөйлейді: сулар, жолдар, гүлдер, балықтар, тағы қол жануарлары. Және ойлар жай емес, ойға жетелеп сөйлейді. «Мен болармын бүлдірген, жумай жеген баланы достарына күлдірген», жол үйге бастаса: «үйіңе сенің бастайын онда сенің анаң бар, асқар таудай әкең мен іні, қарындас, ағаң бар. Атаң, әжең бір төбе», — деп аспанда бұлт арасынан Мекке көрінеді. Казиноға бастаса, «Меккеге бастамайтын жол — жол емес», — деп бұлт арасынан ештеңе көрінбейді. Үш-төрт жасарлар осындай жүз шақты ұғымымен табысып, отбасының көмегімен әңгіме құрап, оны айтып, оған байланысты сұрақтарға жауап беріп, ой қозғау, қозғалғанды бекіту жұмыстарымен жасына сай машықтана бастайды. Сөйтіп үш-төртінде кәнігі әңгімешіге айналған олар тоқтамай, бесінде ешкімнің көмегінсіз әріп танып, оқи бастайды. Алтысында өз деңгейіндегі жұмыстармен дүниетанымын кеңейтеді. Машинасын құрастыра алса, «бұл машина байлық емес, жай қатынас құралы. Барлық байлық — байлық емес, нағыз байлық — кітапта» дегендей ұғымдарға тап болады. Үйін құрастырса, «өз үйіңдей үй болмас. Өз жеріңдей жер болмас. Өз еліңдей ел болмас» ұғымы көлбеңдейді көз алдында. Баланы жалықтырмай қызықтырудың әдісі — оны қолының күші, ойының әлі жететін жұмыс беріп, нәтижесінде мазмұнға толы ұғымдармен кездестіру. Айту емес, өзі тауып, өзінің көріп, естуі маңызды. Баланың жетекші күші — өзі. Аралассаң өзі өшіп қалады, сондықтан оның өшпеуінің барлық қамын жасау аса маңызды. «Өзім» деген күш бекігенде ата-анаға оны бағыттау ғана қалады. Ол үшін ата-ананың өзі ұлы дала ұлағаты ілімімен сауатты болуы тиіс. Табиғат заңы бойынша бұған ана лайық деп, «Жерұйық» тыңдаушысын да ана деп шештік.

Тыңдаушылар екі бағытта оқып жетіледі

Топтасып және ұжымдасып оқу. Бұл екеуі бірі түске дейін, енді бірде орнын ауыстырады. Ондағы мақсат — түсінік күшін бірде өздеріне салу, енді бірде ұжым күшіне салу. Тапсырмаларды өздері шешу ұжымдық шешумен алмасып, ауырдың жеңілге, жеңілдің ауырға айналу өзгерістеріне куә болуларын қамту. «Ауырды ауыр демеу жасып, жеңілді жеңіл демеу тасып» дегендей қасиеттердің ойынмен де шыңдалуын ескеру мен ескерту. Бір сөзбен айтқанда болашақ тәрбиешілерді шыңдау.
Білгенін бекіту мен оны өмір тәжірибесіне енгізу ойындары да екі бағытта жүреді. Ұжымдық оқуда бекіту мен конкурс не «Аламан бәйге» сұрақтары ортақ дайындалып, ортақ жауапқа жүгінсе, топтықта сұрақтарды өздері дайындап, оны шешуді белгілі топтарға тапсыру жарыстары ұйымдастырылады. Оның ережесі: жауап сол бойда айтылса, «3» ұпай, үш дегенде айтса, «1» ұпай, санау төртке кетсе, «0» ұпай. Немесе «Аламан бәйге» жарыстары сұрақты суырған бойда жауап беру, бере алмаса, қатардан шығу. Он сұраққа суырып жауап беру бөлмеден басталып, жүз сұраққа жауап ұжымдықта жалғасып, ұпай санымен орындар беріледі.
Шипажайдағы барлық жұмыстар қағаз-карандашсыз, тек ауызшаға негізделген, ауызша жұмыстың қадір-қасиетін білу үшін. Платон «жазу шыққанда даралық өледі» десе, ұлы дала «жазған жаңылшақ, оқыған ұмытшақ» деген. Жаңылшақ болмас үшін есті күшейтіп, ұмытшақ болмас үшін көре білуді нықтауымыз керек. Бұл тыңдаушыға «есте болсын» деген ескертуіміз болмақ. Себебі баламен жұмыста оның алғаны «көру, теру, түю» қағидасы бойынша жұмыс істеуі қажет.
Мысалы, «Дау дау тудырады, Сөз сөз туғызады. Дауласу болар — даукестік. Сөз жасалым — ен байлық». Бала біледі. Мағынасына терең үңіледі. Екінші, оны сөздік қорында пайдаланып жаттығады. Даудан не туады? Дау не туғызыды? Жақсы не? Дау ма? Одан аман-сау ма? Үшінші, ұнаса оны көңіліне түйе береді.
«Кем деп кемсітпе. Кем дей берсең, кем болар. Жаман деп жасытпа, Жаман дей берсең, сол болар», — дейді де, оны түзетуге тапсырма береді. Бір күн ойлап таба алмаса, жартылай көмек беріледі: «Жетілмесе, … Қатарға қос, …». Мұны да шеше алмаса толық көмек келеді көмекке «Жетілмесе, жетілдір. Қатарға қос, бәрін де!» деген.
«Білу — бір жұмыс, жетілу — зор іс» қағидасы бойынша іс тындыру жұмыстары мен оның нәтижесі баланы өсіретінін білсек, олар жасына қарай әрекет етпек. 4-6 жас күнін он сұраққа жауап беріп, ұпайын 30-ға жеткізіп, 7-10 жас елу сұраққа жауап беріп, ұпайын 150-ге жеткізіп, 11-13 жас жүз сұраққа жауап беріп, ұпайын 300-ге жеткізіп қорыту баланың жауапкершілігі мен шеберлігін арттыратын қарапайым ғана. Алайда оның болашағына даңғыл жол салар мүмкіндік екенін біліп, ата-ана баласын аяп мүсіркемей, үнемі бәйге атындай жаратып отырса ғой, шіркін! Өркениет айтқан «баламен күніне 40 минуттай әр тақырыпқа сөйлесуді, ұлы дала айтқан мезгілі, орны өзгермейтін қазыналы құндылығымызға ауыстырып, отбасын бір сағаттай ойын-күлкіге айналдырса ғой, шіркін! Сонда не өзгерер еді?

Ата-баба «адам 99 пәленің ортасында дүниеге келеді» деген

Одан құтылу жолын да көрсетіп қойған, «адамды қартайтпайды екі жақсы» — деп. Отбасының бұл әрекеті, яғни баламен үздіксіз жұмысы, баланың бойына сол екі жақсыны бекітеді. Екі жақсы өз кезегінде оның жауырынын қара жердей етеді, оған жақсыны да, жаманды да бірдей көтеретін төзімі мен алып күшін береді. Әрине біздің бұл айтқанымызға көпшілігіміз сенбей, қызыл сөз деп бағалауым мүмкін. Ол үшін жобаға қатысып, мойнына мінген жалқаулығынан құтылғандар ғана мұны түсінеді және іске бел шешіп кіріседі.
Компьютердегі жұмыстар ақыл айтып мезі қылмайды. Жұмыстанушыға өнегелі ұғымдар ұсынады. «Ашуға мінсең, … Ақылмен жүрсең, … Ақылсызға сабыр — … Ақылдыға сабыр — …» тапсырмасын берілген көмекпен орындай алса /дін өкінерсің мін жетілерсің/, келесі экран ашылып, шешілетін тапсырмалар жалғаса береді. Кейбіріне жұмысқа кірерде, кейбіріне жұмыс біткенде бата беріледі. Батаның өзі қысқа-нұсқа «мақтай қалса керең бол, сынай қалса құлақ сал» немесе «мақтама, мақтамауды өнер қыл; мақтанба, мақтау жетер басыңа» дегендей өнегемен көмкеріліп отырады.
Жобаның мақалаға сыймай қалған жан дүниені ауамен, үнмен, сумен, қимылмен, әуенмен емдеу, аса жарасымды қатынаспен біріне-бірі күтпеген қуаныш сыйлау жұмыстары баршылық. Осы жұмыстар компьютерлік бағдарламалардағы мазмұнға толы ұлы дала ұлылығына қосымша өзіндік мән беру арқылы толықтарады, шипажайдағы он екі күнді шарасынан асырып, болашақта олардың отбасыларына жол тартатыны дау да, күдік те тудырмайды деп есептейміз. Елбасының рухани жаңғыру тапсырмасына толық жауап бере алатын, дүниеде жоқ жобаға ағайын өздерің ғана ие бола аласыздар және оны кейінге ысыру тек кешігу демеңіздер.
Жоба аяқталғанда жобаға қатысушылыр «Отбасылық тәлімгер» сертификатын алып, «Ақ ОТАУ» және 3-6 жасарлармен жұмыстың компьютерлік нұсқасына ие болады. Бұл — жұмыстың басы ғана. Егер ана баласын жобада көрсетілгендей дәрежеде: 3,4 жаста кәнігі әңгімешіге айналдыра алса; бес жаста өзі хат танитын дәрежеге көтерілсе; алты жаста ой толғай алатын биіктен табылса, онда «Әмбебап тәлімгер» сетрификатына, «Бірінсіз бірі жоқ бесеуге», «Ақ ОТАУ» отбасы мектебі интелектуалды электрондық жобасының толық нұсқасына ие болады. Әрине мұның бәрі отбасымен келісім арқылы қашықтан оқыту арқылы болмақ.

Елбасының рухани жаңғыру тапсырмасы арқасында

Елімізде ғаламат жобалар қолға алынып, ұлттық кодымызды бекітуге бағытталған қыруар жұмыстар басталып кетті. Егер санай берсек ширек ғасырда Елбасы бастаған еліміздің адамзат қоғамына үлгі болар бастамалары да, тың жобалары да баршылық. Мұның бәрі еліміз үшін, келер ұрпақ үшін.
Елбасы сонымен бірге біртектілік пен бірегейлікті де ойға салады әр кезде. Осы жоба соған қызмет етеді деп күмәнсіз болжамдаймыз, себебі әкеден бабаға дейін тоқтаусыз қызмет «би болмасаң болма, би түсетін үй бол» пәлсафасын ұлы дала ұлағатына сай бір ізге салып, ұрпақтың дүниетанымына ұлы даланың іргелі ұлылығын жинақтайды.

Рамазан Жәшиұлы Бейісқали тегі, Ұлы дала ұсынған
«Жерұйық» жобасының авторы

(36)