mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ұрланған 1,3 млн доллар Швейцариядан табылды

Бас прокуратура баспасөз қызметі: «Еліміздің Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде «RothschildBankZurich» швейцарлық банктен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі «тыйым салынған» ақшалай қаражатты анықтады. Қаржы Мағзұм Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде. Абдралиев «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Жақаевқа, Әбдірахмановқа және Құрманалиевке шетелде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектескені үшін күдіктелген. Осыған орай, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдады.

Биылғы жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды. Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру барысында «ТАТ Кредит» ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынды. Прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдады. Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 млн.астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді»,— деп хабарлайды.

Атап өту қажет, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады

(32)