mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

      Үкімет басшысы ШҚО-ға шұғыл қаржы бөлудi тапсырды

Үкiмет отырысында су тасқынынан зардап шегiп отырған аймақтағы ахуал жайлы баяндаған Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов:

«Қазiргi күнi облыстың төрт ауданы — Аягөз, Зырян, Глубокое, Шемонаиха мен Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Барлық мәселе менiң тұрақты бақылауымда. Су басқан жерлерде техника мен құрал-жабдықтар жұмыс iстеп жатыр. Арнайы құрылған комиссия шығынды есептеуде. Қоғам өкiлдерiне қосымша 3 107 адам қамтылды. Қазiргi кезде үйлердi қалпына келтiру, жөндеу бойынша жұмыс басталып кеттi. Осындай күнделiктi жұмысты атқаррудамыз. Мұндай мәселе бiрiншi рет болып отыр. Мысалы, Зырян қаласында мұндай жағдай 60 жыл бойы болмаған. Бұқтырма өзенiндегі мұздың қалыңдығы 2 метр. Қазiр жару жұмыстарын өткiзiп жатырмыз. Бiрақ та бүгiнде күн бұзылды. Өскеменде де, Зырян жақта да қар жауып жатыр. Барлық жұмысты бақылаудамыз», — деп есеп берді.

Үкiмет тарапынан қажеттi көмектiң барлығы көрсетiлетiнiн айтқан Бас  уәзір: «Даниал Кенжетайұлы, сiздiң жазған хатыңыз келiп түстi. Көмек ретiнде қосымша қаражат көзi бөлiнедi. 2 млрд теңге облысқа сұралды. Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов,  шешiмдердi шұғыл түрде дайындаңыз. Жалпы республика бойынша осы күрделi жағдайдың барлығы Премьер-министрдің орынбасары Асқар Мамин Сіздің бақылауыңызда болады»,— деп, оларға нақты тапсырма берді.

(10)