mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

    Қансыз өмір жоқ 

Кеше Астанада «Тегін қан донорлығын дамытудың өзекті мәселелері» атты ІІІ Еуразиялық трансфузиологтар конгресi басталды. Шара 4-7 сәуiр аралығында өтедi. Конгресс осы уақытқа дейін Беларусьте және Мәскеуде өткен. Халықаралық дәрежедегі iс шара 2 жылда 1 рет ұйымдастырылып тұрады.

Ұлыбритания, Испания, АҚШ, Германия, Жапония мен Ресей трансфузиолгтары бас қосқан жиында Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзiн оқып бердi. Онда Елбасы: «Аталған форум қазiргi заманғы денсаулық сақтау саласының маңызды аспектiлерiнiң бiрi — тегiн қан донорлығы проблемасына арналған. Қазiргi таңда адам өмiрiн сақтаумен айналысатын әлем трансфузиологтарының алдында жұмысын жетiлдiрiп, өңiрлiк және халықаралық деңгейде ынтымақтастықты нығайту маңызды мiндеттерi тұр.

Қазақстан денсаулық сақтау жүйесi мен халыққа медициналық көмек көрсету саласының сапалы дамуына баса назар аударып келедi. Жүзеге асқан реформалардың арқасында отандық қан қызметi өз дамуында жақсы нәтижелерге қол жеткiздi. Және ол посткеңестiк кеңiстiкте медицинаның аталған саласында көшбасшылардың бiрi саналады. Мен конгресс жұмысы барысында тиiмдi пiкiр және практикалық тәжiрибе алмасу заманауи трансфузиология мен денсаулық сақтау саласының проблемалық мәселелерiн шешудiң тиiмдi жолдарын iздеуге ықпал ететiнiне сенiмдiмiн»,— делінген.

(9)