mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Си Цзиньпин Н.Назарбаевқа алғыс хат жолдады

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі:

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннен алғыс хат келді. , деп хабарлайдыВaq.kz ақпарат агенттігі не сілтеме жасап. Өзін лауазымды қызметке қайта сайлануымен құттықтағаны үшін Қазақстан Республикасының Президентіне шынайы ризашылығын білдіріп, Қытай мен Қазақстанның тату көрші əрі жан-жақты стратегиялық серіктес екенін атап өткен Қытай Халық Республикасының төрағасы әлгі хатында:

«Сіздің басшылығыңыздың арқасында еліңіз əлеуметтік үйлесім мен тұрақтылықты сақтау, экономиканы дамыту жəне халықтың əл-ауқатын жақсарту ісінде мол жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада зор беделге ие болып отыр. Мен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше мəн беремін, табысты байланыстарымыз бен берік достығымызды қадір тұтамын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін жан-жақты стратегиялық əріптестікке бағытталған Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру жолында Сізбен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенімді білдіремін. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Өзіңізбен тағы да жүздесуді асыға күтемін», – делінген.

(12)