mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жұмыс беруші зейнетке жақындағандарды мазаламайды  

Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев: «Жұмыспен қамту мәселелеріне арналған жаңа заң жобасы бойынша зейнеткерлікке жақындап қалған, бірақ әлі шықпаған жұмысшыны мазалауға тыйым салынып отыр.

Бүгінде қызметкер зейнет жасына толмаса да жұмыс беруші оған зейнетке толғанда келісімшартты бұзатыны туралы ескерту xаттарын жіберіп жатады. Осы мәселеге қатысты дау-дамайлар жиі болады. Себебі жұмыс беруші зейнет жасына жақындап қалған қызметкерді түрткілеп, уақыттан бұрын мазасын алып жатады. Біздіңше, олай болған дұрыс емес. Этика жағынан да адамды қайта-қайта мазалап отырған орынсыз. Қызметкер зейнет жасына келгенде ескерту xаттарын жіберуге болады. Осыған байланысты тиісті заң жобасына өзгерістер енгізіліп отыр»,— деген түсінік берді.

Айта кетсек, «Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Сенаттың талқылауынан өтті. Аталған құжат Президенттің қол қоюына жіберілді.

(9)