«Жаворонки» мерекесі тойланды

Атырау қаласының  №4 мектеп-интернатында «Былина» орыс  этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен  наурыз мерекесімен тұспа –тұс келетін «Жаворонки»  атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Мерекелік іс-шара №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінің қатысуымен басталды. Бұдан әрі «Былина» этномәдени бірлестігінің мүшесі  Н. Ганус  қазақ және орыс тілдерінде әндерімен жалғастырды.

Балаларға «Жаворонки» мерекесі мен салт-дәстүрлері туралы «Былина» этномәдени бірлестігінің мүшесі  О.Коновалова әңгімелеп берді.Сондай-ақ, балаларға «Колобок» – қуыршақ театры түрінде ұсынылған орыс халық ертегісінен театрлық қойылымы көрсетілді.

«Жаворонки» мерекесі ежелден келе жатқан славяндық мереке болып табылады. Көктемгі күннің екінші жартысында көші-қон құстары жылы жақтан келіп, көктем шуағын әкелетінімен тәріздес. Осы орайда,  күн шуақтанып, егін шарушылықтарды бастауға түрткі болады. Осы белгі егістерді бастауды білдіреді. «Жаворонки» мерекесі әртүрлі салт – дәстүрлерімен жалғасады. Мысалы: дәмді тоқаштар,  құстың бейнесімен тәріздес қытырлықтарды  балалар далаға алып шығып , көктемді шақыратынымен іспеттес.Мерекелік іс-шара қортындылай келгенде осы шараны ұйымдастырушысы «Былина» орыс этномәдени бірлестігі   қалалық №4 мектеп-интернат директоры Г.Сабированың Алғыс хатымен марапатталды.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                                        «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                                        баспасөз қызметі

(3)