mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

  В.Путин сапарын Түркиядан бастады

Қайта сайланғаннан кейін бірінші рет шетелге сапарлаған   Ресей президенті Владимир Путин Анкараға келді, ол сонда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Путин мен Ердоған Аккую атом электр стансасы іргетасын қалуға арналған салтанатты шараға қатысты.

Аккуюды салуға Ресей де көмектеседі. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық әріптестік, Түркияның Ресейден «жер-аспан» класты С-400 зымыран жүйесін сатып алу жайын және Сириядағы жағдайды талқылады.

4-і сәуір күні Ердоған мен Путин Анкарада Иран президенті Хасан Роуханимен Сириядағы соғысқа қатысты үш жақты келіссөз өткізеді. Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы 2015 жылы түркиялық ұшақ Сирия шекарасына жақын маңда ресейлік әскери ұшақты атып түсіргеннен кейін ушығып кеткен еді. Кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас қайта қалпына келе бастаған.

Анкара Түркияның Жерорта теңізі жағалауынан Аккуйю атом электр стансасының бірінші блогын салу жұмыстарын бастау үшін «Росатомға» құрылыс лицензиясын берген. Түркия 2023 жылға дейін бірінші атом электрстансасы іске қоспақ. 20 миллиард долларға бағаланған бұл жоба бұрындары бірнеше рет кейінге шегерілген болатын. Бұдан басқа Анкара мен Мәскеу Ресей газын Түркияға жеткізетін құны 12 миллиард долларлық TurkStream атты құбыр салуды жоспарлап отыр.

(8)