mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

   Қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай?

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз айында Қазақстандағы ең төмен күнкөріс деңгейі 26,2 мың теңге болды.

Бұл көрсеткіш бір ай ішінде 0,7 пайыз, ал жыл басынан бері 2,3 пайыз өсті. Төменгі күнкөріс деңгейінде 14,4 мың теңге азық-түліктерге, ал сатылмайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге 11,8 мың теңге берілді.

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау (31,5 мың теңге), Астана — (30,1 мың теңге) және Алматы (29,6 мың) облыстарында байқалды. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейлері Павлодар (23,3 мың теңге) және солтүстік Қазақстан (23,7 мың теңге) облыстарында екені анықталды.

                              

(18)