mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Министрлік қарыз нарығына 1 трлн теңге тартпақ

ҚР Қаржы миристрлігінің баспасөз қызметі: «Биылғы жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды 1 триллион теңгеге орналастыруы мүмкін»,— деп хабарлайды. Ведомствоның айтуынша, бұл қаражат ресми өтінімге жауап ретінде бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тарту жоспарланып отырса керек. Сонымен бірге, нақты сома көлемі республикалық бюджеттің орындалуына байланысты болатын көрінеді.

Жоспарланған көлемнен 2018 жылдың басынан бастап МБҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар) 38,8 млрд теңгеге шығарылды. Бұдан басқа, Қаржы министрлігі ағымдағы жылы жоспарланған ислам бағалы қағаздары — сукук туралы толық мәлімет берді. Қазір оны шығару жұмыстарына дайындық жүріп жатыр екен.

Ведомстводағыдар: «Министрлік нормативтік негізде халықаралық нарықтардың конъюнктурасын қадағалайды. Егеменді сукук мәселесі бойынша тікелей шешім қабылдау сыртқы нарықтағы конъюнктураға, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырудың сыртқы көздерге байланысты болады»,— дейді. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Қаржы министрлігі 1,64 триллион теңгеге МБҚ шығарған болатын.

(4)