mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Иранға сиыр еті экспортталмақ

Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Г.Исаева бастаган делегация Иран ветеринарлық ұйымымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу мәселелері бойынша екіжақты кездесу өткізді.

Келіссөз нәтижесі бойынша экспорттың ветеринарлық талаптары келісілді. Қазақстан Республикасында өндірілген құс жұмыртқасы Иранға тек Иран Ислам Республикасының таллаптарына сай белгіленген жағдайда ғана жеткізілетін болады. Ережеге сәйкес, әр жұмыртқада өндірілген күні, оралған күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші аты-жөні көрсетілуі шарт.

Сонымен қатар, малды арнайы бордақылау арқылы алынған қазақстандық мал еті халықаралық талаптарға сәйкес 5-6 күн бойы сақталатын болады, бұл өз кезегінде Иран нарығында сұранысқа ие болуға әкеледі. Экспорттық тасымалды ағымдағы жылдың сәуірінен бастау жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл кездесу екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілері арасындағы өзара қызығушылығына байланысты ветеринарлық ұйымдардың алдын ала жүргізген жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

(6)