mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елдің сыртқы қарызы сәл-пәл азайды

Ұлттық банк баспасөз қызметі: «2017 жылдың IV тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 1,4 млрд долларға қысқарса, 2018 жылдың 1 қаңтарында елдің сыртқы қарыз көлемі  167,5 млрд доллар болды. Сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 2,9 пайызға жақсарып, 105,9 пайызды құрады.

Мемлекет басқаратын ұйымдардың сыртқы қарызы 1 млрд долларға өсіп, жалпы 27,4 млрд долларды құрады. Сондай-ақ, Қазақстанның таза сыртқы қарызы 2 млрд долларға өсіп, жалпы 45,7 млрд долларға жетті»,— деп хабарлайды. Қаржы нарығын реттеушілер қарыздың азаюына ірі өндіріс компаниялары инвесторларының алдын ала жіберген дивидендтерді төлеуі және еншілес компаниялардың сыртқы қарызды жабуымен байланысты болды деген мәлімдеме жасады.

(19)