mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қысқа хабарлар

* «Қазгидромет» РМК Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жариялады. «30 наурыз – 1 сәуір жаңбыр жаууына байланысты, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасу, бүйірлік ағынның қалыптасуы болжанады», — деп жазылған хабарламада.

*Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанда да кең ауқымда жаппай өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары жүргізіліп, адамдар көп жиналатын жердердің бәрінде өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақтала бермейтіні анықталды. Кинотеатр қызметкерлерінің өздері көп жағдайда қауіпсіздік ережелерінің сақталуына айтарлықтай мән бермейді. Тексеру барысында осындай анықталған кемшіліктерді жоюға кеңес беріліп, өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарға нақты тапсырмалар берілді.

*Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов: «ІІМ бастамасымен енгізілген түзетулерге сай, уақытша ұстау орындарына арнайы орналастыру мәртебесі беріліп, уақытша ұстау изоляторларындағыдай жағдай жасалмақ. Яғни уақытша ұстау орындарында төсек-орын жабдықтары мен басқа да санитарлық шарттар талаптары қарастырылатын болады»,— деп мәлімдеді.

* Астанада өткен жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Хәкім Құшқалиев: «Екі жылдың ішінде республика бойынша 40 әділет қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жартысы — сот орындаушылар. Астанада соңғы екі жылда ұсталған 10 адамның төртеуі — сот орындаушылар. Заңда «сот орындаушы осыны істеу керек немесе істеуге міндетті» деп нақтыланып жазылып,  оларға таңдау құқығы берілмеу керек. Екіншіден, осы заң нормасында «сот орындаушы мен талап-арыз берген азаматтың арасында жазбаша шартқа қол қойылып, сот орындаушы өзі мерзімін бекітеді» делінген. Мұндай жағдайда сот орындаушы өзімбілемдікке салынып, мәселені шешуді созып жүре беруі мүмкін. Біз бұл әділдікке қайшы келетін ереже деп санаймыз. Қазақстанда қылмыстық заңнаманың репрессивтілігін төмендету бойынша шаралар қабылданған. Соған орай, биылдан бастап сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталғандар қамалмайды. Оларға қатысты негізінен қамаумен байланыссыз бұлтартпау шаралары қолданылады»,— деген түсінік берді.

(13)