mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

  Тәжікстанға 1 гектар жер беріле ме?

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде Қазақстан мен Тәжікстан өзара жер учаскелерімен алмасып, қос елдің аумағында өз елшіліктерін салуға мүмкіндік беретін заң жобасы қаралды.

Комитет отырысында «ҚР Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға салынды. Сенаторларға аталған заң жобасын таныстырған Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев: «Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу жер телімдерін өзара беру туралы келісімге Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Зарифидің 2010 жылғы 24 тамыздағы ресми сапары барысында Астанада қол қойылған болатын.

Аталған заң жобасы негізінде қос елдің аумағында елшіліктер салынады. Бұл келісім — екі елде дипломатиялық өкілдердің болуы және жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ететін маңызды құжат. Келісімге сәйкес, тәжік тарапы қазақстандық тарапқа Қазақстан елшілігінің ғимаратын салу үшін Душанбе қаласындағы Сомони даңғылы бірінші дипломатиялық қалашықтағы жалпы алаңы 1 гектар жер учаскесін береді. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылына 1 сомони мөлшерінде жалдау ақысы төленеді. Өз кезегінде Қазақстан тарапы тепе-теңдік негізінде тәжік тарапына Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде орналасқан жалпы алаңы бір гектар жер телімін береді. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылдық ақысы 1 теңге»,— деді. Астана қаласының әкімдігі Тәжікстанға 1 гектар жер учаскесін беру мәселесіне қатысты сұрақтарды қарастырады. 2017 жылғы мамырда Астана қаласының әкімдігі аталған учаскені сегменттеу бойынша жұмысты аяқтап, жер телімі мемлекеттік меншікке өтті. Осыған орай қазақстандық тарап аталған келісімді ратифкациялау бойынша рәсімді бастаған болатын.

Келісімнің 13 бабына сәйкес, тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енетін болады. Тәжікстан Парламенті келісімді 2014 жылғы 1 қазандағы қаулысымен қабылдағанын атап өткен жөн», —деді. Отырыста депутаттар аталған заң жобасын қолдады. Енді аталған құжат Сенаттың жалпы отырысында қаралады.

 

(17)