mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Терроризмге қарсы күреске 270 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Құжатта: «Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы шешім қабылдайды»,— делінген.

Үкімет қаулысына Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 15 наурызда қол қойды, ол алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Бұл бағдарламаның мақсаттары — адамның, қоғамның және мемлекеттің діни экстремизм көріністері мен лаңкестік қауіп-қатерлерінен қорғалуын қамтамасыз ету; қоғамда радикалды идеологияға иммунитет қалыптастыруға; республика халқының радикализациясына сыртқы факторлардың әсерін азайту; діни экстремизм мен лаңкестік фактілерін анықтау мен жолын кесу тиімділігін арттыру, соның ішінде арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету; діни экстремизм мен терроризм актілеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және жою.

Бес жыл бойы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бастапқыда 286,9 млрд теңге бөлу жоспарланған. Соңғы нұсқа бойынша, оны жүзеге асыру үшін 270,1 млрд теңге бөлінетін болды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 209,3 миллиард, жергілікті бюджеттен — 60,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру сомасы тиiстi кезеңдерде айқындалатын болады.

(16)