Мақтау сөз айтылса ыңғайсызданып қаласыз ба?

Сізді біреу-міреу мақтап, жақсы сөздер айтып жатса және оны сіздің көзіңізше айтып жатса ыңғайсыз күйге түсесіз. Енді осы мақтау сөзді қалай көтеру керек?
Неліктен мақтау сөз айтылғанда ыңғайсыз күйге түсетініңізді анықтап алыңыз. Егер сіз де сондай адамдардың қатарынан болсаңыз оның айтқан сөздеріне сенбейсіз, сөйтіп бейсаналы түрде айтылып жатқан ақпаратқа назар аудармайсыз. Қошемет сөз айтылғанда оған сеніңкіремеудің бірнеше себебі бар: мүмкін сіздің орныңызда басқа біреу болса бұдан да жақсы нәтижеге жетер ме еді; мақтау айтқан адамның сізге бір өтініш айтқысы келгендіктен, ұпай жинағысы келгендіктен осы іске барып тұрғаны деп ойлау; сарказм немесе оның айтылған мақтауының астарында жаман ой жатыр деп қабылдау. Мақтау сөзге сенбейтін адам өзіне де, мақтау сөз айтқан адамды да бағаламайтынын көрсетіп алады. Қайтсе де оның сөзінен өзге бір астар іздеп, жалтаратынымыз да заңдылық.

Қарапайымдылық: егер мақтау сөзге сеніңкіремей, сол айтылған мақтаудың шын екеніне күмәндансаңыз тағы да бір рет ойланып көріңіз. Қарапайымдылықтың да шегі бар. Кейде тіпті қарапайымдылық сіздің имиджіңіздің құртылуына септігін тигізуі мүмкін. Егер сіз бұған дейін тек мықтылармен, өзіңізбен салыстырғанда күштірек адамдармен санасатын болсаңыз бұл ісіңіздің тек өзіңізге қатерлі екенін ұғыңыз. Өзіңіздің мақтауға лайық қасиеттеріңіз бен жетістіктеріңізді құрметтеуді үйреніңіз.
Сенімсіздік: егер мақтау айтылғанда оның қандай мақсатта айтылып тұрғанын білмегендіктен қабылдамасаңыз, өзіңіздің мәдениетсіздігіңіз бен жаугершілігіңізді көрсетіп аласыз. Бұл жағдайда ол адамды жағымпаз етесіз немесе сіздің алдыңызда өзінің жеке шаруаларының болуы себепті ұпай жинағысы келетіндігіне қарсы тұрғандай боласыз.
Мақтау сөзге лайық болу: егер сіздің тарапыңызға айтылған мақтау сөзден кейін қарсы қошемет сөз айтатын болсаңыз, онда сіздің адамдарға ұнағыңыз келетін қасиетіңіз бар. Сөйтіп, өзіңіздің қандай да бір мықтылығыңыз бен жақсылығыңызды жуып-шайып жібересіз.
Сол үшін мақтау сөзді өз күшіңізге сенімді екеніңізді көрсететін жаттығу деп қабылдаңыз. Өзіне сенімді адам өз құнын біледі және мойындауды бағалайды. Ол айтылған мақтауға ешқашан қарсы шықпайды. Бұдан басқа, мақтау сөз айтылған соң «рақмет, мұныңызды бағалаймын» немесе «құрметіңізге рақмет» деп бірден әрі сенімді айтсаңыз басқандай бір себеп-салдарлы ойлардан бірден арылатын боласыз.
Мақтау сөз айтылғанда күлімсіреңіз. Сіздің бір ғана күлімсірегеніңіз сіз туралы жақсы ойдағы адамға жағымды әсерін тигізеді. Ал егер мақтау сөз айтылғанда «ол жағы маңызды емес» немесе «ммм…» дей салсаңыз, алдағы уақыттарда мұндай сөздердің айтылатынын күтпей-ақ қойсаңыз да болады.

Отбасым-алтын босағам тобынан

(25)