mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Павлодар авиаотын, Атырау полипропилен өндіреді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудан кейін компания айына 13 мың тонна авиациялық отын шығаратын болады.  Өндіріс сертификаттаудан өткеннен кейін 2018 жылдың екінші жартысында іске қосылады. Зауыт сондай-ақ K4, K5 экологиялық класс мотор отындарын және 100 пайыз жоғары октанды бензин шығарады.

Зауыттың қуаты жылына 5,5 млн тонна көлемінде Батыс Сібір мұнайын өңдейді, сонымен қатар қазақстандық мұнайды жылына 4,7 млн тоннаға дейін жеткізеді. Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс көлемі: бензин — 1,4 млн тонна, дизель отыны — 1,7 млн тонна, авиациялық керосин — 350 мың тонна, мазут — 680 мың тонна болмақ. Бұдан басқа Атырауда полипропилен өндіретін зауыт құрылысын қаржыландыру мәселесі шешілді. Қуаттылығы 500 мың тонна болатын газ-химия кешенін салу үшін EPC-мердігері анықталды. Ол — China National Chemical Enginnering Со компаниясы (ҚХР). Бұдан басқа Қытайдың Даму Банкінен 2 млрд доллар қарыз қаражаты тартылды және жобаны шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Полипропилен жобасына 214,1 млрд теңге, оған қоса 2017 жылғы қарашада CNCEC бас мердігеріне — 134, 9 млн теңгеге алдын ала төленетін қаржы инвестиция игерілді. Биылғы жылы құрылыс жұмыстары басталады.

Атап айтқанда, негізгі және жалпы өндірістік нысандар үшін, ұзақ уақыттық өндірістік кезеңге арналған жабдықтарға тапсырыс берілетін болады. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл деп жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 3 мыңға дейін жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, газ-химия кешенінің екінші фазасы аясында 6,5 млрд АҚШ доллары көлеміндегі 1,2 млрд тонна полиэтилен өндірісі бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Жобаны Borealis (Австрия) компаниясымен бірлесіп 50:50 пайызға дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Алдын ала қаржыландыру құрылымы анықталды: 30 пайыз — Біріккен химиялық компания үлесі ($ 969 млн) және Бореалис үлесі ($ 969 млн), 70 пайыз қарыз қаражаты ($4, 6 млрд)»,— деген ақпармен бөлісті.

(9)