mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

З.Балиеваның кәсіпкерлерге үндеуі

Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева Ресейдің Кемерово қаласындағы қайғылы жағдайдан кейін мекеме, ұйым және ғимарат басшыларына үндеу жасап:

«Жеке өз басым мен Қазақстан халқы атынан Ресей Федерациясының Кемерово қаласындағы балалардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдайға байланысты көз жұмғандардың туғандары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың туған-туыстары үшін бұл — орны толмас қаза, үлкен қайғы. Жауапты адамдардың өз ісіне салғырт қарауы балалардың өліміне әкеп соқтырған бұл жағдай — біз үшін де сабақ болуы тиіс. Осыны ескере отырып мен әр түрлі ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, кинотеатрлар мен адамдар көптеп жиналатын орындардың басшыларын өз ғимараттарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қауіпсіздік техникасы мен күзет қызметі кезінде ақшаны үнемдеп қалмауға, ғимаратқа келушілердің барлығы, әсіресе балалар бос уақытын толық қауіпсіздікте өткізе алатындай жағдай жасауға шақырамын»,— деген үндеуін арнады.

(8)