mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дипломаттардан бас тартқан елдер көбейді

Әлемде 21 мемлекеттің Үкіметі Ресей елшілерінен ат тонын ала қашып, тез арада елден кетулерін талап етті. Оның 16 мемлекеті — Еуроодақ мүшесі.

Соңғы кездері Украина, Норвегия және Албания да Ұлыбританияны жақтап, Ресей Үкіметін Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улады деп айыптап отыр. Ағылшын Үкіметі болса, елдегі 23 Ресей елшісін шығарып үлгерді. Мәскеу бұған жауап ретінде Британия елшілерін қуып, Ресейдегі Лондон мәдени ғимараттарының бәрін жауып тастады.

Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович елшіліктен нақты бір адамның кететінін жариялады. Ал Чехия болса, үш елшінің табанын жалтырататынын айтты. Премьер-министр Андрей Бабис пен Сыртқы істер министрі Мартин Стропницкий баспасөз жиынын өткізіп, Ресей елшілерін «нон грата тұлғалары» деп жариялады. Германия Сыртқы істер министрлігі де елдегі 4 орыс елшінің қызметінен бас тартқан. Министрлік өкілдері: «НАТО және Еуропалық Одақ мүшелерімен бірдей федералды Үкімет алдағы жеті күнде Ресей елшілерін елден шығаруға бел буды. Бүгін бұл өтініш Берлиндегі Мәскеу елшілігіне жіберілді»,— дейді.

Венгрия, тіпті, Ресей елшісін тыңшылық жасады деп айыптады. Италия болса, Рим қаласындағы екі ресейлік елшінің кететінін айтты. Ал Латвия билігі Ригада жұмыс істеп жатқан елші мен елшілікте қызмет ететін бір қызметкердің бар екенін, енді олардың тез арада ел территориясынан кететінін мәлімдеді. АҚШ Вашингтондағы Ресейдің 60 елшісін елден қуатынын хабарлап қойған.

Айта кетерлігі, бұл — үшінші тарап өзге мемлекетте болған оқиғаға әлем елдерінің дүниежүзілік деңгейде реакция білдіріп жатқан ең ірі оқиғаның бірі екендігі.

(9)