mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Б.Сағынтаев шенділерге нақты тапсырма берді

Үкімет отырысында «ҚР тіл туралы» Заңы және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылғы нәтижесі қорытындыланды.

Премьер-министр бағдарламаның өткен жылғы нәтижесі жаман емес екенін, дегенмен назар аударатын кейбір мәселенің барын атап өтіп: «Халыққа қазақ тілін ақысыз, тегін үйрететін курстардың белсенді жұмыстарын жандандыру қажет. Сонымен қатар өзге тілдерді оқытып, үйрететін оқу курстарының қолжетімділігін арттыру, оның ішінде интернет, арнайы ақпарат ресурстары арқылы үйретуге айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Бұл — Мәдениет және ақпарат министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы.

Тілдерді үйрену мен қолдануға және арнайы әдебиеттерді жарыққа шығаруға мемлекеттік бюджеттен қомақты қаражат бөлініп отыр, осыған байланысты халықтың арасында кеңінен сұранысқа ие заманауи оқу әдісі мен құралдарына сай балалар кітаптарын шығару керек. Екіншіден, қазақ тілінің латын графикасына көшіруді іске асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу қажет. Әліпбиге кезең-кезеңімен көшу туралы тиісті іс-шаралар бекітілді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік ұйым мен органға іс-шаралар жоспарының дер кезінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын»,— деді.

 

(6)