Астанада «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті IV Съезі жалауын көтерді

Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті IV Съезі өтіп жатыр. Бұл іс – шара екі күнге созылмақ. Съездің басты мақсаты – «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, сондай – ақ «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы мен Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау.

Съезге еліміздің аймақтарынан  1500-ге жуық дарынды жас қатысуда. Съездің бірінші күні қатысушылар «Жас Отанның» басты қызметі мен осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарға тоқталады. Жастар арасындағы маңызды мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсынады. Жыл басында ұйымның Орталық кеңес мүшелігіне үміткерлерді таңдау үшін өткізген сайлауының нәтижесі жарияланып, жеңіске жеткен 16 үміткер кеңес мүшелігіне 4 жылға сайланады.

Сондай-ақ, жастар 5 бағыт бойынша құрылған«Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Салауатты ұлт» дискуссиялық алаңдарында пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік алады.

Съездің екінші күні қоғамның дамуына, ғылым, білім, тарих пен мәдениет салаларында жетістікке жеткен жас қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Жаңа әлемге жол саламын» Гала-форумына ұласады.

 

 Нағашыбай Қабылбек 

(68)