mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Халал өнімдер сыртына арабша жазуға тыйым салынды

Global Times басылымы: «Қытайдың солтүстік-батысында халал өнімдердің сыртына арабша жазуға тыйым салынды. Өнім этикетіндегі өзгеріс туралы шешім Нинся-Хуэй автономды ауданында қабылданды.

Учжун және Иньчуань қалалық округтерінде араб тілінде жазылған мейрамхана мен дүкен атауларын да өзгерту міндеттелді. Енді «халал өнім» деген сөз иероглифтермен және ниньиннің көмегімен жазылуы керек. Кейбір супермаркетте этикеті өзгермеген халал өнімдер сөрелерден алынып тасталды.

Бұл осы аудандағы жалғыз өзгеріс емес. Наурыз айында араб сәулеті мен қытайдың дәстүрлі сәулеті үйлескен көшені қайта өзгерту жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес, үйлесімді әрі біркелкі атмосфера болу үшін барлық ғимарат қытайлық дәстүрлі стильге өзгертіледі. 2016 жылы араб әлемі мен Қытайдың жақсы қарым-қатынасын сипаттау мақсатында осы көше құрылысы салына бастаған», — деп хабарлады.

(11)