mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Енді сауда соғысы тоқтай ма?

CNN басылымы: «АҚШ пен Қытай арасында сауда-саттық мәселесіне қатысты тариф мөлшері тұрақтамай, тараптар зардап шегудің алдында тұрды. Дегенмен, бұл соғыс уақытында тоқтатылып, екі ел келісімге келуге талпынуда»,— деп хабарлайды.  Өткен аптада президент Дональд Трамп 50 млрд доллар тұратын Қытай тауарына тариф мөлшерін арттырып, альюминий және болат импортына санкция жариялаған болатын. Бұған жауап ретінде Пекин 3 млрд долларға АҚШ тауарына көз салып, тиісті деңгейде сауда тарифін өзгертетінін айтқан. Сол тұста экономистер әлем экономикасына әсері бар ең ірі екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасы бұдан да қатты ушығады деп дабыл қаққан еді. АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин Қытай шенеуніктерімен тілдесіп, келісімге келетінін жариялады.

Ол өз сұхбатында: «Біз сауда соғысынан қорықпаймыз, алайда ол біздің мақсатымыз емес»,— деді. АҚШ Үкіметі Қытайдан америкалық кәсіпорындарға құшақ ашып, екі ел арасындағы тауар дефицитін жоюға рұқсат етуін талап етіп отыр. Трамп бұл елмен тауар тапшылығын 100 млрд долларға азайтпақшы. Ақ үйдің мәліметінше, былтырғы жылы тауар дефициті 375 млрд долларға құлдырап кеткен. С.Мнучин: « АҚШ Қытайдың шетел компанияларынан талап ететін ережелерін жойып, онымен өнеркәсіптің әртүрлі саласында біріккен жұмыстар атқарғысы келеді.

Интеллектуалдық ұрлық жойылмай, екі ел арасында сауда қатынасы орнамайды. Бұл жерде америкалық өнертапқыштардың идеясын ұрлау да тариф көтеруге себеп болғанын айта кету керек. Бейжің тарапы жасаған өтініштер де ескеріледі. Америкалық автокөліктерге салынған тариф азайтылып, жартылай өткізгіштерге кететін қаржы мөлшері де шектелді»,— деп мәлімдеді.

Қытай тарапынан президент Си Цзиньпинның кеңесшісі Лю Хэ Вашингтонға сапар шегіп, алдағы уақытта ортақ мәміле жасалатынын жариялады. Синьхуа агенттігі жариялаған сұхбатында Лю: «Қытай тарапы интеллектуалдық ұрлыққа барған жоқ және өзінің ұлттық ерекшеліктерін қорғай алады. Дегенмен, Бейжіңнің де басты мақсаты — ортақ мәмілеге келіп, сауда соғысын тоқтату»,— деген еді.

(15)