mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Болашақта әлемде қай елдер мықты болады?

The National Interest басылымы: «Бұл сауалға өз мақаласында жауап берген әскери сарапшы Роберт Фарли: «2030 жылға қарай ең мықты құрлық әскерлері АҚШ, Ресей, Франция және Қытайда болады.

Америка әскері 12 жылдан кейін әлемдік «алтын стандартқа» айналады. Бұған себеп, қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін Пентагон соғысу операциясына қатысты көп тәжірибе жинады, сосын америкалықтарда үлкен әскери бюджет бар. Олар  барлауға арналған ұшқышсыз ұшатын ұшақтар мен ең ірі әуе паркіне ие. Ал, ресейлік қарулы күштер КСРО тарап кеткеннен кейін басынан қиын кезеңді өткерді. Десе де, жеткілікті мөлшерде қаржыландырудың арқасында Ресейдің қарулы күштері қайта қалпына келді. 2030 жылы Ресей әскері мықты күшке айналады және ол кезде айтарлықтай мәселелер туындайды.

Сонымен қатар, Еуропа мемлекеттері ішінде қарулы күштерін тек Франция ғана сақтап қала алады. Үндістан әскери технология бойынша бәсекелестерінен қалып қойғанмен, оған АҚШ, Ресей және Еуропадан озық үлгідегі қару-жарақтың түр-түрін сатып алу арқасында әскери қуат-күшін нығайтуға мүмкіндік туындайды. Қытай да осы жолмен жүріп, қарулы күштерінің қуатын нығайта береді деп жазды»,— деп хабарлайды.

(12)