mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты ұлғайды

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев: «Балтыр Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 34,3 пайызға ұлғайтты. Көрші елдің нарығы балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, омарташылық өнімдері, сондай-ақ, бидай, кебек, соя және бұршақтар экспорты үшін ашық.

Бірінші рет 7 мың тоннадан астам соя бұршақтары экспортталды және соя майының экспорты 7 есе ұлғайды. Орташа есеппен, мұздатылған балық, өсімдік майы мен майлы дақылдар экспорты 2,7 есе өсті. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4 трлн. теңгені құрады. Негізінен, азық-түлік өнімдері өндірісінің 4 пайыз өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар өсімі 29 пайызды құрады, ал азық-түлік өнімдері өндірісінде бұл 32 пайызға жуықтады.

Мал шаруашылығында өнім шығару 3,9 пайыз (1,8 трлн теңге) артты, соның ішінде, ет – 5,9; сүт – 3; жұмыртқа – 7,3 пайызға. Сонымен қатар, асыл тұқымды ірі қара мал үлесі 11 пайыз өсті. Ал бұл көрсеткіш 2010 жылы 7,7 пайыз еді. Өкінішке орай, елде құрылған 850 кооперативтің небәрі 490-ы ғана жабдықпен қамтамасыз етіліп, 2018 жылы өнім шығаруға дайын. Бірақ, оларды да «саны бар да  сапасы жоқ» деп айтуға болады», —деген ақпарлармен бөлісті.

 

(10)