mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қос елге бір айда 20 млрд теңге аударылған 

2018 жылдың қаңтар айында Қазақстаннан шетелге аударылған сома 35,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ол кезде шетелге барлығы 24,1 млрд теңге жіберілген болатын. Республикадан шетелге аударылған ақшалардың 40 пайызы Ресей Федерациясына жіберілген, 14,5 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,6 пайызға көп.

2017 жылдың қаңтар айында Ресейге жіберілген ақшаның үлесі – 46,6%. Ал Қытайға 5,3 млрд теңге жіберілген. Ақша көп аударылған үшінші мемлекет – Қырғызстан. Аталған мемлекетке қазақстандықтар 3,9 млрд теңге жіберген. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,3 есе өскен. Үлесі 7,1-ден 10,9 пайызға жетіп отыр. Көпшілік ақша аудару үшін «Золотая Корона» жүйесін пайдаланған. Аталған жүйенің көмегімен аударылған ақша көлемі – 19,3 млрд теңге. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 91,3 пайыз өскен. Ал ҚР-дағы үлесі 42-ден 54,1 пайызға артқан. Екінші орында Western Union жүйесі (7,6 млрд теңге). Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 85,6 пайыз өсіп отыр. Жүйенің үлесі 17-ден 21,3 пайызға өскен. Үштікті «Юнистрим» жүйесі түйіндейді (3,1 млрд теңге). Бір жыл ішінде көрсеткіш 9,5 пайыз өсті.

(11)