mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Н.Назарбаев БАӘ-ға ресми сапармен барды

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Қарсы алу рәсімінен соң мемлекет басшысы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Қонақжайлық көрсеткені үшін шейхке ризашылық білдірген Қазақстан Президенті: «Менің ресми сапарымның Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаған шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның 100 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Мен үшін Сіздің әкеңізбен таныс болғаным – зор мәртебе. Бауырлас қарым-қатынастар мен табысты кездесулер екі ел арасындағы байланыстардың дамуына тың серпін беруде. Өзара уағдаластықтарды іске асырудың арқасында тек 2017 жылы сауда-саттық көлемі 2 есе өсіп, 374 миллион доллардан 643 миллион долларға дейін жетті. Ал 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш 6 есе артты. Визасыз режім енгізу екі ел арасындағы қарым-қатынастарға оң әсер етеді. Тараптар инвестицияларды қорғау, ғарыш технологиялары, су энергетикасы, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты әрі қарай ілгерілетуге мүдделі»,— деп, соңында тақ мұрагерін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Ресми сапармен келгені үшін Н.Назарбаевқа алғыс айтқан шейх: «Халқымның және жеке өзімнің атынан Сізге Біріккен Араб Әмірліктері жеріне келгеніңіз үшін ризашылық білдіремін. Сапарыңыз сәтті болады деп сенемін. Біз бүгін бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қоямыз. Жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенімізді айтқым келеді», – деді.  Ресми сапар барысында тараптар арасында мынадай құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;

– Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін (полиэтилен өндірісі) салуға қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы меморандум;

– Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауыт жұмысына қатысу үлесін сатып алуға байланысты өзара түсіністік туралы меморандум;

– «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамының 49% акциясын сатып алудың негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;

– «DP World» компаниясының «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының капиталына қатысуының негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;

– Дубайдағы «ЭКСПО-2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысу туралы шарт.

(8)