mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

В.Божконы не алаңдатады? 

Үкiмет сағатында ауылдық жерлердегі коммуналдық кәсіпорындар мәселесін көтерген Парламент Мәжiлiсi төрағасының орынбасары Владимир Божко: «Әсiресе, аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi инженерлiк-коммуналдық кәсiпорындар мен әлеуметтiк объектiлердi жекешелендiру мәселесi аса маңызды. Олар: жылу, жылумен қамтамасыз ету, жол-эксплуатациялық қызметтер, медициналық мекемелер, спорттық нысандар. Егер елiмiздiң ауылды жерлерiндегi ЖЭБ (жол қызметi) пен ПИК тарихына қарасақ, олар бұрын бiр рет жекешелендiрiлген. Бiрақ, кейiннен таратылып, қирап қалған. Сондықтан, әкiмдiктер оларды жаңа меншiк иелерiнен қайта сатып алуға мәжбүр болды.

ЭЫДҰ комитетi жасаған Қазақстан Республикасының кешендi шолуында алдын ала қаржылай және шаруашылық талдау жасалғаннан кейiн ғана жекешелендiру жүргiзiлуi тиiс делiнген. Сондай-ақ, салалық өңiрлiк жеке ерекшелiктер, объектiлер тиiмдiлiгiн арттыру мен бюджетке түсетiн ауыртпалықты азайту мүмкiндiгi, халыққа жасалатын әлеуметтiк, экономикалық жағдай ескерiлуi керек.

2018 жылдың басында Ақмола облысы Зерендi ауданы Қонысбай ауылының 900 тұрғыны екi апта сусыз отырды. Бұл жағдайда су айдауыш мұнараны жекешелендiрген жеке кәсiпкер желi апаты кезiнде ешқандай шара қабылдамады. Ал, тұрғындарға суды тағы да аудан әкiмдiгi жеткiздi»,— деп, өзінің бұл мәселеге алаңдаушылығының себебін жеткізді.

(7)