mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің тілшілер қосыны бастығының орынбасары. ҚР "Ақпарат саласының үздігі"

ЖАҢА АУДАН ПАЙДА БОЛДЫ

 

Сүйінші!

Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Байқоңыр аталатын жаңа ауданды құру туралы шешім мақұлданып, оның шекарасы бекітілді. Сессияға қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты. Жаңа ауданды құрудағы мақсатымен қала әкімі аппаратының басшысы Берік Жәкенов таныстырды. Оның айтуынша, қаланы моноцентристік бағытта дамыту бойынша нақты жұмыстар істелуде. Елорда халқы ең қажетті 32 әлеуметтік стандарт бойынша 129 секторға бөлінді.
Ал аудан шекарасы теміржолдан Астана-Қостанай бағытына қарай, қазіргі шекарадан солтүстікке Ақбұлақ өзенін, аталған өзенді бойлай Рақымжан Қошқарбаев даңғылын, осы даңғылдың жұп қапталынан Сауда көшесін, әрі қарай жобалық атауы №84 көшені, Есіл мен Ақбұлақ өзендері қосылатын тұсты, Есіл өзенінен бастап «Қараөткел» көпірін, А. Бараев көшесі мен Республика даңғылын, аталмыш даңғылдың жұп қапталынан тартқанда Бөгенбай батыр даңғылын, осы даңғылды бойлай Алаш тасжолын қоса алғанда теміржолды және қаланың батыс шекарасын қамтиды.

Аудан шекарасына сонымен қатар қалалық зират (460 гектар) кіреді. Ауданның жалпы аумағы 18,1 мың гектарды алып, онда 211 мыңнан астам адам тұратын болады.
«Жаңа аудан қала әкімінің «Шет аймақсыз қала» жобасы аясындағы жұмысты жалғастыру, шаһар инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру, шағын бизнестің өркендеуіне қолайлы жағдай жасау, қала тұрғындарының әртүрлі әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында құрылады» деді Б. Жәкенов.

(19)