Елін ертеңіне сендіріп отырған азаматтар бар

ХХІ ғасырдың ауылы қандай десе мынандай деп, ауыз толтырып айтатын Қазақстанның еңбек ері И. Сауэр басқарған Астанадан алыс емес. «Родина» ауылын білмейтіндер аз шығар. Бұл ауылда не керек бәрі бар. Барлық жағдай жасалған, шешілген. Керек десең оннан астам ұшағы да бар. Тек, еңбек ете біл. Жауапкершілігің, тәлім тәрбие, мәдениетің жоғары болсын. Жыл сайын өркені өсіп, дамығанын байқаймыз. Өкініштісі «Родинамен» деңгейлесетін ауыл әзірге көрінбей тұр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның Еңбек ері И.Сауэр.

Дегенмен деңгейі жетпеседе, ауыл халқын тентіретпей, өз ауылын тіктеп отырған азаматарды да атап өткен жөн сияқты. Өткен жазда Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар орталығы Есіл ауданына пресс тур ұйымдастырып, осы азаматтар басқарған шаруашылықтармен таныстырғанды. Олар Астанада облыс орталығы нарықтан алыс болса да елім деп, ерінбей тер төгіп жүрген азаматтар Есіл ауданының Юбилейный ауылын Валерий Тюркин, Заречный ауылын Уалихан Әріповтер қалыпты деңгейге көтеріп, жұмыссыздықты жойған. Ауыл еңсесі тіктеліп, әлеуметтік нысандар, балабақша, спорт алаңдары салынып, мектептер жөнделіп, халықтың жағдайы қалыпқа түскенін көрдік. Осы азаматтардың игі істері басқаларға үлгі болып, Интернационал ауылының азаматы кәсіпкер Қазымбек Ақмағанбетов туған ауылын дамытуға ат салысып, мектепке спорт алаңын салып, басқада ғимраттар салуға құлшыныс танытып жүр. Белгілі кәсіпкер У.Әріпов өз ауылынан басқа Атбасар ауданын өркені артта қалған шалғайдағы Покоровка ауылын қамқорлығына алып, жағдай жасап жүргенін мақтанышпен айтуға тұрарлық. Жақсы істер жалғас беретініне үміт зор.

Ақмола облысының да көкейтесті мәселелері
жетерлік

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақан сері ауылындағы ғимраттардың  көрінісі.

Әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығынан ауыл халқы қала жағалап кетті, ауылдың туу көрсеткіші азайды. Бала болмаса мектеп жоқ. Мектеп ауылдың тірегі. Мектеп жабылса, ауыл құриды. Ол үшін мектепті ұстау ауыл азаматтарына міндет. Көкшетаудан алыс емес Қошқарбай ауылының азаматтары мектептің жабылмайтын өз жолын тапқан. Ауыл мұғалімдері кеңесе отырып, Ақкөлдегі балалар үйінен бала асырап алып, мектепті жабылудан, жетімдерді жабырқап жүруден құтқарып, сауапты іс жасады. Бұл үрдіс ел аумағына үлгі болса, елге қажет, сауапты іс болар еді. Бұрын жайнап тұрған ауылдардың мектебі жабылып, халық үдере көшіп, бұзылған ғимараттардың үйінді болып қалғандары солтүстік облыстарда жетерлік. Солардың бірі, өткен ғасырдың аяғында Ақан серінің 150 жылдығына арнап Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бүтін бір ауыл жаңадан бой көтерген-ді. Жаңадан мектеп, балабақша, мәдениет үйі, қаздай тізілтіп 40-қа таяу тұрғын үйлерін салды. Ауыл халқы үдере көшті. Қазір сол ауылдың жұрнағы ғана қалды. Ғимараттар мал қораға айналып, ауыл сыртындағы Ақан серінің ескерткішінің қараусыз қалғанына куә болдық. Бұл ауылды орталықтан шалғай деуге келмейді. Аудан орталығынан 30 шақырымда.
Аузы дуалы ауылды ойлағандар халқы азайған ауылдарды қайта дамыту керек десе, ауыл өмірінен алыс жүрген сарапшылар: «инфрақұрылымы жоқ, өркениеттен алыс ауыл халқын қалаға көшірген дұрыс», — деп мәлімдеп жүр. Мемлекет көшірем деп әуре болмағаны дұрыс, ауыл халқы онсыз да көшіп жатыр. Керісінше тоқтатып ауылды дамыту керек. Жеріміз кең, еліміз байтақ. Шекарадағы ауылдар көшсе, шекара иен, жер иесіз қалмайма? Ауылды дамытуды мемлекет барынша қолға алып жатыр әлі де ала береді. Еске салсам, 2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасына 15 мыңнан астам адам қамтылып, оқу тәжірибеден өткен. Бірақ олардың үштен бірі, яғни 3 300 шағын несие алған. Басқасы неге несие алмайды деген заңды сұрақ туады. Несиені де мүмкіндігін ескеріп бергені дұрыс. Бірақ ауылдың қажеттілігіне өте мән берген абзал. Ауылға керек болса, неге бермеске. Несие берілмесе, ауыл азамтарының әлеуетін көтермесе, патриоттық сезім, ерік-жігерін жанымаса, қолдамаса, іс ілгері басып, ауыл бірлікке жетпейді. Ауылды дамытуда мемлекеттің қамқорлығы жетіспей жатқан жағдайлар бар шығар. Бірақ негізгі жетіспей жатқаны ауыл халқының, әр қазақтың, сіз бен біздің патриоттық сезіміміз. Қаншама бай-бағлан қазақ жастары бар, өзінің туған ауылын қамқорлығына алса ауыл мәселесі туындамас еді. Жоғарыда ауылды жойылудан сақтап, мектепті ұстап қалуда жол тапқан азаматтардың игі ісін қыcқаша жаздым. Осы азаматтардай игі іс жасауға патриоттық сезімімізді оятып неге біз құлшынбаймыз. Кезінде С.Мұқановтың «Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз» дегені әлі мәнін жойған жоқ.
Дахан Шөкшир

(8)