«Ғасыр жаңалығы –АСТАНА» республика ардагерлеріне арналған байқау

Републикамыздағы Ардагерлер ұйымының Орталық Кеңесі, Астананың – 20 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр жаңалығы –АСТАНА» байқауына, Тәуелсіздіктің қиын кезеңдерінде еңбек еткен, Астананың алғашқы бой көтерген жылдары мен бүгінде төрткүл дүниеге танылып, өсіп-өркендеуі кезеңіне куә болған,  саяси және қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлерінің жарқын ойларын жинақтайтын туындыларға байқау жариялайды.

Байқау материалдарын БАЙҚАУҒА деген арнайы белгімен мына электронды поштаға:  elordaga20@mail.ru  немесе флеш-карта  және CD дискі арқылы  2018 жылдың  10-шы наурыз – 10-шы мамыр аралығында мына  мекен-жай бойынша жолдауға болады:  Бейбітшілік көшесі-11, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің  баспасөз қызметі,   байланыс телефондары:  55-64-88,  55-69-70.
Ескерту: 2018 жылғы 10-шы  мамырдан кейін жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Байқау жұмыстары рецензияланбайды  және  қайтарылмайды.

«Ғасыр жаңалығы АСТАНА»

республикалық байқауының ережесі

«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі, Астананың – 20 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр жаңалығы –АСТАНА»  деген атпен Тәуелсіздік жылдарында  еңбек еткен, Астананың құрылу сәті мен өсіп-өркендеуіне куә болған саяси және қоғам қайраткерлерінің жарқын тұлғасын көрсететін  туындыларға байқау жариялайды.

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

1.1. Осы Ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.

1.2. Байқау «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің жоспарына сәйкес өткізіледі, өту мерзімі:  10 наурыз – 10 мамыр 2018 жыл.

1.3. Байқау Ел Тәуелсіздігінің 1991- 2017 жылдары кезеңінде мемлекеттік органдарында қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ еңбек ардагерлеріне арналады.

1.4. Байқау екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.

1.5. Байқау материалдарын БАЙҚАУҒА деген арнайы белгімен мына электронды поштаға:  elordaga20@mail.ru  немесе флеш-карта  және CD дискі арқылы  2018 жылдың 1-ші наурыз – 31-ші сәуір аралығында мына  мекен-жай бойынша жолдауға болады:  Бейбітшілік көшесі-11, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің  баспасөз қызметі,  байланыс телефондары: 55-64-88, 55-69-70.
Ескерту: 2018 жылғы 10-шы  мамырдан кейін жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Байқау жұмыстары рецензияланбайды  және  қайтарылмайды.

Байқауды ұйымдастырушы:

  • «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі.

Байқаудың  мақсаты:

  • Ел ағаларының өткен өмір жолдарын, өздері іргесін қалаған Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен сол жылдардан бүгінгі «Ел жүрегі- Астанаға» дейінгі түрлі қызықты да, қиындыққа толы кезең оқиғаларын  сипаттау;
  • Аға буынның өмір жолдарын жастарға үлгі етіп көрсету арқылы жастардың патриоттық сезімін ояту. Үлкенді сыйлауға, төзімділікке, ұлтымызды құрметтеуге, аға ұрпақтың ерлігін мақтан етуге баулу;
  • Алдыңғы буынның Тәуелсіздік жылдары бастан кешкен өмірлік тәжірибелерін келтіріп,  жастарға, жас мамандарға, жас отбасыларға, бағыт бағдар көрсету;
  • Рухани жаңғыру жолында, өзінің ұлтын, мәдениетін жақсы білетін, заманауи жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.

Байқаудың міндеттері:

  • Астананың бой көтеруіне,  абаттануына, тәуелсіздік жылдарында ел руханиятына түрлі салада  үлес қосқан ардагерлердің еңбегі  өзек болуы керек.
  • Астана туралы, бірлік пен тұтастыққа шақыратын,  іргелі ойлары қамтылуы  керек.

Байқаудың қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті:

Ұйымдастыру  комитеті  байқау тұжырымдамасын, оны өткізу тәртібін анықтап, қазылар алқасын бекітеді. Байқау туралы ережелер мен ағымдағы құжаттарды дайындайды. Сонымен қатар байқау кезеңдері мен материалдарын бағалау мен сараптауды ұйымдастырады.

МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ:

– Қазылар алқасы тапсырылған жұмыстардың сапасын, мазмұны мен безендірілуін, шығармашылық және кәсіби деңгейін бағалай отырып, жұмыстың негізгі идеясының маңыздылығы мен дәйектілігін  қадағалайды.

– Қазылар алқасының шешімі хаттамамен толтырылып, Ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен хатшысының қолымен бекітіледі.
– Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптарға сәйкес анықталады.

– Байқау қорытындысымен үздік деп танылған 20 шығарма  «Ғасыр жаңалығы-Астана»  деген  атаумен жинақ кітап болып шығарылады.
– Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталады. Сондай ақ, байқауға  қатысушылар  сараптама  комиссиясының  шешімімен  сыйақы белгіленеді  және «Жаңашыл ардагер», «Үздік шығарма»,  «Руханиятқа үлесі»  номинациялары бойынша  Алғыс хаттар  тапсырылады.

 

«Ардагерлер ұйымы РҚБ» Орталық Кеңесі

 

(37)