mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Халық ипотекаға айына қанша төлейді?

25 жыл мерзімге 7 пайыздық жылдық мөлшерлемемен қолжетімді ипотека рәсімдеу бойынша қазақстандықтар ай сайын баспана үшін қанша теңге төлеуі керек екені есептелді. Елде көлемі 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтер орташа есеппен 10,4 млн теңге тұрады. Егер жас отбасы жаңа баспана үшін 8,32 млн теңге несие алса және жылдық сыйақы мөлшерлемесі негізгі қарыздан шегерілетін болса, онда оларға ай сайын 76,3 мың теңге төлеп отыруы керек болады.

Айта кету керек, ең жоғарғы төлемдер Астана, Алматы мен Атырау облысының үлесінде тұр. Мұнда ай сайынғы төлем 100 мың теңгеге жуықтайды. Ал, Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары төменгі төлемдер жасайтын болады. Мұнда аталған аймақтардағы ай сайынғы төлем 40 мың теңгеден аспайды. Бұл шара ҚР Парламентінің біріккен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың пәтерге қолжетімділігін арттыруға «7-20-25» бағдарламасын ұсынған еді, бұл шара осы ұсыныстың іске қосылуына орай жүзеге асырылмақ. Аталған мәселеге қатысты пікір білдірген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек: «Министрлік пен Ұлттық банк жаңа ипотекалық бағдарламаны іске асыру механизмін үкіметтің келесі отырысына дейін даярлайды. Елбасының бастамасы ипотекалық кредит беру нарығын, құрылыс саласын және құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға ықпал етеді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» — еліміздегі ипотеканың шамамен үштен екісі. Нарықта тағы бір компанияның пайда болуы бәсекелестікті арттырады. Мұнда қалың кезектер болатынын түсінеміз. Кеше Елбасы нақты соманы белгіледі — үш триллион теңге. Бұл қаржы жеткілікті деп есептеймін»,— деп хабарлады.

(20)