mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Президент Чон Се Нюнмен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республиеасының  Ұлттық Ассамблея спикері кЧон Се Гюнмен кездесті.  Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамып келе жатқанын және оны әрі қарай нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп: «Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі екі миллиард долларға жуықтады.

Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті», – деді.

Біз қос ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайтуға және оларды дамытуға зор маңыз береміз»,— деді.  Өз кезегінде Чон Се Гюн кездесуге және екіжақты қатынастар мәселесін талқылауға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріріп: «Астана қаласы қарқынды дамып келе жатыр. Мен Қазақстанда өткен жаһандық іс-шаралар – Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі мен Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиадаға жоғары баға беремін. Біздің елдер арасындағы екіжақты байланыс стратегиялық сипатта дамып келе жатыр. «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына жету жолында Корея Қазақстанға серіктес болуға дайын»,— дей келіп, өткен ғасырдың 30-жылдарында Қазақстанға жер аударылған этникалық кәрістерге көмек қолын созып, қолдау көрсеткені үшін еліміздің халқына алғыс білдірді.

Сонымен қатар Чон Се Гюн Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығматулинмен кездесіп, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айтты.

(1)