mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бас Прокурор әріптестерін неге сынады?

Бас прокуратурада ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен табиғатты қорғау прокуратураларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонда әріптестерінің енжарлығын, жұмыстарының тиімсіздігін, экологиялық заңнаманың бұзушыларға дер кезінде мән берілмейтінін атап өткен Бас прокурор: «БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоршаған ортаға зиянды әсерлерден денсаулықты қорғау мәселелері күнделікті дерлік жариялы түрде талқыланады. Атмосфералық ауаның ластануы, ауыз судың жоқтығы, тұрмыс қалдықтарының бей-берекет сақталуы, су тасқынына әрекетсіздік танытып отырған уәкілетті мемлекеттік органдардың атына сын айтылып жатады. Бұның барлығы экология саласындағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуді талап етеді»,— дей келіп, Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорларына су қорғау аймақтарында жер учаскелерін бөлу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау және көму мәселелеріне; Шығыс Қазақстан облысына – атмосфералық ауаның ластануы, жекелеген елді-мекендердің таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі; Ақмола – Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға және гидроқұрылыстардың салынуына бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдалану; Маңғыстау облысына – бортында мұнай өнімдері бар теңіз кемелерін кәдеге жарату және жердің өндіріс қалдықтарымен ластануы мәселелерінде қадағалауды күшейту қажеттілігіне назар аударды. Бас Прокурор қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықты прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, алдын алу шараларын дайындап шығару мақсатында заң бұзушылықтардың сипаты мен жүйелілігіне назар аудара келе, экологиялық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша сот-тергеу тәжірибесіне талдау жасау туралы нұсқау берді. Қайрат Қожамжаров қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге, оның ішінде халықты ауыз сумен жабдықтау үшін су құбырларын, гидроқұрылыстарын салуға және жөндеуге бағытталған «Нұрлы жол», «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту», «2021 жылға дейін Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатымен бөлінген бюджет қаражатының тиісті жұмсалуын қатаң қадағалауды талап етті. Облыс прокурорларына табиғат қорғау заңнамасын қадағалауды жүргізу және күшейту кезінде бақылаушы органдардың функцияларын ауыстыру фактілеріне жол бермеу бойынша бағыт сілтенді. Жиын соңында бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Экологиялық қауіпсіздікті қадағалауды 11 мамандандырылған прокуратура қамтамасыз етеді.

(3)