Қазақстан Жазушылар Одағының XV құрылтайы басталды

Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының XV құрылтайы басталды. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, құрылтай делегаттары, арнайы шақырылған қонақтар, Астана мен Алматының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуда.

Президум шымылдығы Əнұранмен ашылып, әрі қарай құрылтайға келгендер екі съез аралығында қайтыс болған 131 жазушыны бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасының құттықтауын оқыды. Елбасы құттықтауында барша қаламгерлердің бүгінгі іргелі басқосуы Қазақстан тарихында бірегей “Рухани Жаңғыру” бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатқан кезеңге тұспа-тұс келуінің зор символдық мәні бар екенін атап өтті.

Құрылтайда жазушылар одағының төрағасын сайлау, одақтың соңғы 5 жылда атқарған жұмыстарына есеп беру сияқты мәселелер талқыланып жатыр.

Дереккөз: qamshy.kz

(81)