Жазушылар Одағының жаңа төрағасы сайланды

Жазушылар Одағының XV құрылтайында Ұлықбек Оразбайұлы жаңа төраға болып сайланды. Ал Басқарма хатшысы Есенғали Раушанов болып тағайындалса, бірінші орынбасары:  Ақберен Елгезек. Орынбасарлары: Бақыт Беделхан, Бауыржан Жақып, Мереке Құлкенов.

Құрылтай Әнұранмен басталып, екі құрылтай арасында қаза болған 131 ақын-жазушыны бір сәт еске алу үнсіздігімен басталды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп, өткен ширек ғасырдағы жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге тоқталды.

Құрылтайға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Құттықтау хатында Елбасы Қазақстан Жазушылар Одағының ХV құрылтайының ашылуымен құттықтап, құрылтай жұмысына табыс тіледі.

Ал Ұлықбек Есдаулет сайлауға түскен жалғыз адам болды.

 

 

 

(108)