mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

   Үміт сыйлайтын үндеу

Елбасының Үндеуіне қатысты саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Борбасов, қоғам қайраткері Гүлдана Нүрпейісова, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов те өз пікірлерін ортаға салды.

Олар Президенттің әлеуметтік мәселелерге баса назар аударғанын құптай келе: «Ендігі мәселе – оны іске асыру тетіктерін реттеу, бар гәп осыған келіп тіреледі»,— деген ұстанымда. Үндеу, ондағы маңызды жайттар жер-жерде түсіндіріліп, талқыланып жатыр.

Елбасы бастамасының әлеуметтік маңызы орасан зор. Еліміздегі ірі мегаполис Алматы жұртшылығының, яғни қоғам қайраткерлерінің, сарапшылардың бұған қатысты пікірлері үндес келеді. Мәселен, қоғам қайраткері Гүлдана Нұрпейісова: «Елбасының бастамасына бәріміз қуанып жатырмыз. Халық қуанып жатыр. Бізде көп жақсы нәрселер айтылады, жақсы бастамалар көтеріледі. Ал оны орындау кезінде түрлі кедергіге тап болады. Жүзеге асыру тетіктерінде олқылық бар деп ойлаймын. Үкімет, банк және қоғам тарапынан мұны жұмыла жүзеге асыру ләзім. Халықты баспанамен қамтамасыз етуге көңіл бөлетін кез жетті. Баспанасы болса, халықтың көңіл-күйі де түзу болады. Ол үшін еңбекақы 80-90 мыңнан кем болмауы тиіс. Жастардың көбі қалада мәжбүрліктен қалады. Егер ауылда баспанамен, жұмыспен қамтылса, мәдениет ошақтары болса, жастар қалада қиналып жүрмес еді. Ауылға барар еді. Зейнет жасына шыққан соң, өзімнің де ауылға барып тұрғым келеді. сы келетінін айтты. Оңтүстік аймаққа жататын Алматы облысында бос жатқан жерлерді кәдеге асырып, жылыжайлар салып, көп ауылшарушылық өнімдерін өндіруге болады.

Сонда қазір базарларды жаулап алған Қытайдың қызанағынан, Польшаның алмасынан, Израильдің шалқанынан құтылуға болады. Жасы егде адамдар да ауылға барып, оның көркеюіне үлес қоса алады. Ипотекамен қалалық жерде ғана емес, ауылдарды да қамтамасыз ету жағын ойластыру керек. Сонда елдің бәрі Астана мен Алматыға тығылмас еді», – дейді. Ал, і саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Борбасов: «Бес мәселенің төңірегінде шектелмей, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қарастырып, қосымша инфрақұрылымдарды дамыту керекі. Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін, әлеуметтік модернизация керек. Ұлттық жаңару қажет. Бұл – әрбір адамның сапалы тамақ ішуге, демалуға мүмкіндігі, тұрмыс жағдайының жақсы болуы, үйінің болуы, дұрыс медициналық қызмет көрсетілуі, отбасын, материалдық әл-ауқатын толық қамтамасыз ететін жалақысының болуы. Әлеуметтік модернизация дегеніміз – осы. Дамыған мемлекеттер әлеуметтік модернизация мәселесін шешіп қойған. Олар енді болашаққа жұмыс істеп жатыр.

Мысалы, Норвегияның ұлттық қоры триллион АҚШ долларына жетіп отыр. Халқы 9 миллион көлеміндегі Швецияның да ұлттық қорында 1 триллион доллар бар. Солтүстік көршіміз Ресейдің ұлттық қорындағы ақша – 160 млрд доллар шамасында. Әлеуметтік поляризацияны күшейтуге жол бермей, әлеуметтік татулықты, қоғамдық келісімді сақтаудың бір жолы – халықтың тұрғын үй мәселесін шешу. Президент осыны жақсы түсініп отыр. Қазір студенттерге жатақхана жетіспейді. Көбі пәтер жалдап, айына 40-50 мың теңге төлеп тұрып жатыр. Университеттің профессоры ретінде мен оны жақсы білемін. Жиырма бес мың жатақхана салу – өте тамаша нәрсе», – дейді. Өз кезегінде саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов: «Гранттың саны көбейіп жатқаны да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартады. Бұл – абитуренттердің үштен бірі грантпен қамтамасыз етіледі деген сөз. Болашақта тіпті, тең жартысы грантпен қамтамасыз етілуі мүмкін. Ауыл халқын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің бір жолы ретінде шалғайдағы ауыл халқын қаладағы емханаларға тіркеуді ұсынамын. Мұндай бастаманың көтерілгеніне қуанып отырмыз.

Қазақстанда орташа жалақы жүз мыңнан асады дегенмен, 2 миллионнан аса адамның айлықтары 60 мыңға жетпейді екен. Бұл – аз көрсеткіш емес. 2 миллион адам 60 мың теңгеден алатын болса, төлейтін салықтары жылына 960 миллиард теңге болады екен. Елбасы «біз салықты азайтамыз, сіздер жалақыны көтерсеңіздер екен» деп жұмыс берушілерге ұсыныс тастап отыр. Бастаманы іске асыруда мынадай сұрақтар туады. Бұған жұмыс берушілер көне ме? Көнсе, оны қалай, қашан іске асырмақ? Іс-шараның, әр ұсыныстың, әр шешімнің бағасы қанша болады? Банктердің ипотекасын алып қарайтын болсақ, пайыздар банктерге жеткенше қалай өзгереді? Қаражат басқа жаққа жұмсалып кетпей ме? Осы сияқты сұрақтар көп. Астанамызды газдандыру мәселесі шешілмек. Өте – маңызды мәселе. Астанада 18 миллион халықтың 1 миллионы тұрады. Басқа аймақтарда тұратын халықтың кезегі қашан? Осы секілді көп мәселе қарастырылып, талқыланатын болады. Сол кезде дұрыс шешім жасалады әрі Елбасының үндеуінен кейін қордаланып келе жатқан әлеуметтік мәселелер өз шешімін табады деген үміт бар. Ендігі мәселе – оның оңтайлы тетіктерін жасауда», – дейді.

                                

(21)