Қазақ киносының сұлтаны

Есімі иісі қазаққа, алыс-жақын шетелге мәлім режиссер Сұлтан Қожықов ағымдағы жылдың 10 наурызында 95 жасқа толды. Сол ұлы тұлғаның мерейтойына алғашқы-лардың бірі болып белсене кіріскен ұжым — Алматы қаласы С.Қожықов атындағы №39 лицей.

Режиссердің өзі оқыған бұл мектеп қазақ кино өнерінің майталман мамандарын шақырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Игі шараны ҚР кинемотографистер одағының мүшесі, профессор Шаяхмет Имашұлы жүргізді. Режиссердің көзін көрген ардагер киногерлер бас қосқан алқалы жиында көптеген мәселелер көтерілді. Ең көп айтылған мәселе-аталған мектеп қабырғасында С. Қожықовтың мұражайын ашу. Оған билік өкілдерінен қолдауы қажет.
Келесі кеңінен талқыланып, көп ұсыныстар туғызған жайт — тарлан тұлғаның шығармашылығының насихатталу деңгейі. Оның төл туындыларын қалың көрерменге таныту арқылы, режиссердің шығармашылық мұрасын ұрпаққа уағыздау, сол арқылы ұлттық патриот тәрбиелеу тетіктері сөз болды. Жиынға қатысушылар мектеп ауласына аллея жасап, ұлы режиссердің мүсінін орнатып, оған қоса Қыз Жібек пен Төлегеннің бейнелерін қоюды тілек етті. Сондай-ақ оқушылар арасында С. Қожықов өмірі мен туындыларына арналған шығармалар байқауын ұйымдастыру мақсаты жария етілді.

(13)