mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

ШЫҰ саммитінің үш негізгі мақсаты айқындалды

КХР сыртқы істер министрі Ван И: «Биыл маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің басты мақсаты —  ШЫҰ тиімділігі мен ықпалын арттыру. Бұл ұйымның кеңеюінен кейінгі болып тұрған алғашқы саммит. Біз ШЫҰ мүшелерімен саммитте үш негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс істеуге дайынбыз. Біріншісі — біртұтастықты нығайту.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерімен бірге біз «Шанхай рухының» биік тұғырын жоғары деңгейде ұстаймыз, мүшелер арасындағы өзара сенім мен бірлікті нығайтамыз және тағдыры бір қоғам құрамыз. Циндаодағы ШЫҰ саммитінің екінші мақсаты — Ұйым жұмысының тиімділігін арттыру. Саммиттің үшінші мақсаты — ШЫҰ-ның халықаралық аренадағы ықпалын арттыру.

Аймақтағы, тіпті әлемде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін халықаралық қоғамдастықтың күткеніне оң бағасын береміз, негізгі халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша дауыс беруді күшейтеміз және аймақтық ынтымақтастық пен жаһандық экономикалық басқаруда одан да белсенді рөл атқарамыз. Жалпы алғанда, саммит ШЫҰ тарихындағы жаңа кезең болады»,— деді.  Еске сала кетейік, Қазақстан Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ саммитіне белесені түрде дайындалып жатыр.

(9)