«Шын жүректен рахмет» іс-шарасы жүректерді тебірентті

Наурыз айының алғашқы аптасында қала маңындағы Жұмыскер мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен «Шын жүректен рахмет» деп аталатын мерекелік  іс-шара өтті.

Аталған шарада  өз істерінің майталмандары, еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан әр саланың  ардагерлері, Атырау облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен басталған  ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында  сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев: Қиын қыстау заманда өзге ұлт өкілдері Қазақстан жеріне жер аударғандығын мәлімдеген.

Міне, осы сәтте қазақ халқы талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қамқорлығына  алды.

2015 жылдың 15 қаңтарында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы  кәсіптік және өзге де мерекелер»  туралы, 1998 жылдың 20 қаңтарындағы 3827-ші Жарлығына сәйкес – өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойған болатын. Оған сәйкес 1 наурыз «Алғыс айту» күні болып бекітілді.

Осы жылдан  бері «Алғыс айту» мерекесі  Қазақстан Республикасының облыстарында, аудандарында жүйелі түрде  іске асырылып, тойланып келуде.  Биылда бұл мерекені Атырау қаласының Жұмыскер кент округінде салтанатпен атап өтті.

Сондай-ақ, мерекелік шарада Атырау облысы ҚХА жанындағы «Иверия» грузин, «Светоч» славян этномәдени бірлестіктерінің талантты мүшелері қатысып, өз өнерлерін тарту етті.

Шара соңында «Иверия» грузин, «Светоч» славян этномәдени бірлестіктері Жұмыскер мәдениет үйі басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                                                                «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                                                                                    баспасөз қызметі

 

(14)