mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тоқмəди қашқанмен ұзап кете алмады

Күні кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында Мұратхан Тоқмəдидің қашу əрекетінен кейінгі видеосы жарияланды. Онда қашқын: «Мен — Мұратхан Тоқмəди, өзімді жақсы сезінемін, денсаулығым да жақсы. 2004 жылы Əблəзовтің тапсырысымен Ержан Тəтішевті өлтіргенім үшін қылмыстық жауапқа тартылғанмын. Өз кінəмді мойындаймын. Мұны сотта да растағанмын. Мен үкімді күтіп жүріп, 8 наурыз күні қашып кетпек болдым. Дегенмен, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мені ұстап алып, тергеу абақтысына апарды.

Кінəмді мойындаймын жəне қателестім деп ойлаймын», — дейді. Тоқмәдидің қашып кеткені туралы мəліметті Тараз қаласы облыстық ауруханасының қабылдау бөлмесі де растаған. Сондай-ақ, бұл ақпаратты кеше Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті де растады. Түнгі уақытта Тоқмəдиді ұстау операциясы жүріп, құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тоқмəди туралы мəлімет таратылып, құқық қорғаушылар көшені итпен торуылдады.

Жедел шаралар жүргізу нәтижесінде Мұратхан Тоқмәди ұсталды. Еске салсақ, Таразда Тұран Әлем Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi өтiп жатыр. 12 наурыз күні сот жарыссөзі өтуі керек болатын. Осылайша, 14 жыл бұрынғы қылмыс қайта тексерiлуде. Ал, 11 жыл бұрын бизнесмен Тоқмәди дәл осы қылмысы үшiн жазадан сытылып кеткен болатын. Сол кезде қылмыс абайсызда жасалды делiнiп, Мұратхан Тоқмәди Тараз қалалық сотының 2007 жылғы 3 қыркүйектегi үкiмiмен бiр жылға бас бостандығынан айырылып, рақымшылықпен жазадан босатылған. Бұл iс бойынша тергеу амалдары мен соттар 3 жылға созылған едi.

2017 жылғы 12 маусымда Алматыдағы арнайы операция барысында «ҚазСтройСтекло» ЖШС бас директорының кеңесшiсi Мұратхан Тоқмәди ұсталды. Бизнесмен «Iрi көлемдегi мүлiкке ие болу мақсатында бопсалау» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдiкпен құрықталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. 2017 жылғы қазанда КТК арнасынан көрсетiлген фильмде Тоқмәди Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындап, банкирдiң көзiн Мұхтар Әбләзовтiң тапсырысымен жойғанын айтты. Бұл факт бұған дейiн жүргiзiлген тергеу барысында да анықталып, iс қайта қозғалған едi.

Сондай-ақ, Тоқмәди Әбләзовтен Тәтiшевтi өлтiру үшiн 2 траншпен 4 млн. доллар көлемiнде сыйақы алғанын да жасырмады. Осылайша, Мұхтар Әбләзов Ержан Тәтiшевтiң өлiмiнен кейiн Тұран Әлем Банкiнiң басшылығына келген. 2018 жылғы 16-ы ақпанда Жамбыл облыстық сотында Тоқмәдиден жауап алынып, ол осы айтқандарын растаған-ды.

 

(7)